astana-view

Қазақстандағы сандық экономика көрсеткіштері

2016 жылғы 30 Мамыр
12969 просмотров

Астанада 9 маусымда инновациялардың көмегімен ұйымдардың қызметін трансформациялауға және басқарудың озық технологияларына арналған «SAP-форум Астана – 2016» ірі іскерлік іс-шарасы өтеді.

Биылғы жылғы форумның тақырыбы – «Сандық экономикаға өту жолында».

Технологиялар болашаққа ұмтылысты шапшаң өзгертуде. Қазіргі әлем сандық экономиканың жаңа дәуіріне, жаңа экономикалық нақтылыққа өтті,  бұл жағдайда жаңа пайда болған бизнес-модельдер табысты бизнес алпауыттарымен лайықты бәсекеге түсе алады. Бүгіннің өзінде инновациялық технологиялық шешімдердің көмегімен өздеріне жаңа мүмкіндіктер ашатын компаниялар болашаққа асқан сенімділікпен қарайтындардың қатарында тұр.

Биылғы жылғы форумның басты тақырыбы – Қазақстанда сандық экономика құру. Пленарлық сессиялар мен панельдік пікірталастарда сандық технологияларды елдің мемлекеттік секторында және экономикадағы сан алуан міндеттерді шешуде қолданудың мүмкіндіктері мен перспективалары қаралатын болады.

Шақырылған сарапшылар түрлі бағыттар бойынша: сандық мемлекеттен ауыл шаруашылығы мен денсаулық сақтаудағы сандық өндіріске дейін, жағдаяттық мониторингтен үлкен мәліметтерді предиктивтік талдауға дейін, кадрлық мәселелерді ұйымдастырудағы инновациялардан сандық клиентбағдарлы сервистерді ұсынуға дейін, мобильді қашықтағы ремонттан электронды коммерцияға дейінгі кейстерді таныстырады.  Қазақстандық және шетелдік ірі  компаниялардың барлығы 70-тен астам спикері, топ-менеджерлері, SAP әріптестері мен жетекші сарапшылары инновацияларды енгізу тәжірибесімен бөліседі, технологиялық өзгерістер жолына түскен кәсіпорындардың табыс тарихтарымен таныстырады.

Форум жыл сайын Қазақстанның мемлекеттік және корпоративтік секторлары ұйымдарының 800-ден астам жоғарғы буын басшыларын бір алаңға жинайды.

Өткен жылдардағыдай, форумда инновациялық шешімдердің бірегей көрмесі өтеді, олар қазірдің өзінде әртүрлі салада бизнесті дамытуға қызмет етіп жатыр. Сандық әзірлемелер қонақтардың өздеріне түрлі рөлдерді ойнап  көруіне мүмкіндік береді – орасан зор егіс даласын мобильді қондырғының көмегімен басқаратын агрономнан бастап, мобильді бригаданың механигіне дейін.

Анықтама үшін: SAP – корпоративтік қосымшалар нарығындағы әлемдік көшбасшылардың бірі. Компания түрлі дәрежедегі және түрлі салада  маманданған ұйымдарға өз бизнесін тиімді басқаруға көмектеседі. SAP шешімдері мен сервисін әлемнің 190 еліндегі 296 000-нан астам клиенттер (SuccessFactors клиенттерін қоса алғанда) пайдаланады, компанияның озық технологиялары жоғары рентабельділікке кепілдік береді, үздіксіз бейімделуге және тұрақты өсімге ықпал етеді.

SAP компаниясы 1972 жылы құрылған. Штаб-пәтері Германияда, Вальдорф  қ. орналасқан. SAP кеңселері әлемнің 130 елінде ашылған, қызметкерлерінің штаты 74 497 адамды құрайды. Қазақстанда SAP 1997 жылдан бері бар. Бүгінгі таңда SAP кеңселері Алматы мен Астанада жұмыс істейді.

Толық ақпаратты www.sap.com және www.sap.ru сайттарынан алуға болады. 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер