astana-view

Астанада «Атамекеннің» III Съезі өтеді

2016 жылғы 14 Маусым
9215 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының III Съезі 16 маусым күні Rixos President Astana қонақ үйінде өтеді

Съезді «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаев ашады.

Съезд жұмысына Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов қатысады деп күтілуде.

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қызметінің қорытындылары жөнінде ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов мәлім етеді.

«Атамекен» ҚР ҰКП үшінші Съезінде сатып алулар, қаржы ресурстарына қолжетімділік, микронесиелеу, мемлекеттік органдардың заңсыз тексерістері, ауылшаруашылық кооперативтерін дамыту мәселелері сөз болады.

«Атамекен» ҚР ҰКП қызметінің қорытындылары туралы жыл сайынғы есеп, ҚР ҰКП-ның үш жылға арналған орташа мерзімді индикативті бюджеті бекітілетін болады.

Сонымен бірге Ұлттық палата Төралқасының кей мүшелерінің өкілеттіктері мен сайлануын мерзімінен бұрын тоқтату, Басқарма өкілеттігінің мерзімін тағайындау, «Атамекен» ҚР ҰКП Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хабарланады. Қазақстан кәсіпкерлерінің жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Хартиясы қабылданады.

«Атамекен» ҚР ҰКП III Съезінің жұмысынан тікелей көрсетілімді www.abctv.kz сілтемесіне өту арқылы Atameken business channel бірінші қазақстандық мультимедиялық бизнес-арнасынан көруге болады.

«Атамекен» ҚР ҰКП ІІІ съезіне делегаттар тізімі


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер