Астанада «Атамекеннің» III Съезі өтеді
Ұлттық кәсіпкерлер палатасының III Съезі 16 маусым күні Rixos President Astana қонақ үйінде өтеді
Съезді «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаев ашады.
Съезд жұмысына Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов қатысады деп күтілуде.
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қызметінің қорытындылары жөнінде ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов мәлім етеді.
«Атамекен» ҚР ҰКП үшінші Съезінде сатып алулар, қаржы ресурстарына қолжетімділік, микронесиелеу, мемлекеттік органдардың заңсыз тексерістері, ауылшаруашылық кооперативтерін дамыту мәселелері сөз болады.
«Атамекен» ҚР ҰКП қызметінің қорытындылары туралы жыл сайынғы есеп, ҚР ҰКП-ның үш жылға арналған орташа мерзімді индикативті бюджеті бекітілетін болады.
Сонымен бірге Ұлттық палата Төралқасының кей мүшелерінің өкілеттіктері мен сайлануын мерзімінен бұрын тоқтату, Басқарма өкілеттігінің мерзімін тағайындау, «Атамекен» ҚР ҰКП Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хабарланады. Қазақстан кәсіпкерлерінің жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Хартиясы қабылданады.
«Атамекен» ҚР ҰКП III Съезінің жұмысынан тікелей көрсетілімді www.abctv.kz сілтемесіне өту арқылы Atameken business channel бірінші қазақстандық мультимедиялық бизнес-арнасынан көруге болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: