Әйелдер кәсіпкерлігі күні атап өтілмек
19 қарашада «Көрме» орталығында «Ұлы дала елі» отандық тауар өндірушілердің ІІ форумы аясында Әйелдер кәсіпкерлігі күні өтіледі.
Қазақстан тұңғыш рет Women's Entrepreneurship Day әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға бағытталған ғаламдық бастаманың бір тұғыры болмақ.
Іскер әйелдер күні (WED) – бұл кәсіпкерлікке қаржылай қолдау көрсетудің бүкіләлемдік кең ауқымды бастамасы. Бүгінде WED халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған қауымына қолдау көрсету үшін 4 млрд. әйелдің өз мақсатына қол жеткізуіне әсер етті. Сондай-ақ, WED «Әйелдерді қолда» (#ChooseWOMEN) шарасының бастамашысы болып табылады. Бұл – әлеуметтік медиа (БАҚ) арқылы әйелдер бизнесін қолдауға әйелдер мен ерлерді ынталандырудың негізгі қозғаушы күші.
Бұл күні әлемнің 144 мемлекетінде 110 университетте белгіленген бір уақытта іскер әйелдерге құрмет көрсету шарасы өтеді.
Әйелдер кәсіпкерлігі күнін өткізу бастамасы «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесі қолдау танытуда.
Астанада бұл шара 19 қараша күні «Көрме» орталығында сағат 10.00-де өтетін «Ұлы дала елі» отандық тауар өндірушілердің ІІ форумы аясында ұйымдастырылмақ.
Іс-шараға қатысу үшін info.weday2016@gmail.com-ға хабарлама қалдырып, тіркелу қажет.
Байланыс мәліметтері:
Рахима Газизова, +7 701 022 22 48
Махаббат Садвакасова, +7 701 999 27 96
Пікір қалдыру:
Пікірлер: