astana-view

Өскемен қаласында өткен «Қазақстанның үздік тауары-2015» облыстық көрме-байқауына 50-ден астам кәсіпкер қатысты

2015 жылғы 18 Тамыз
8060 просмотров

Өскемен қаласында өткен «Қазақстанның үздік тауары-2015» облыстық көрме-байқауына 50-ден астам кәсіпкер қатысты.

Байқаудың ерекше есте қалған қатысушыларының бірі Шығыс Қазақстандағы, тіпті Қазақстан бойынша деуге де болады, жалғыз ұста-әйел Светлана Кошелева болды. Іскер әйел «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша 2 миллион теңгелік кредит алып, шағын цех ашты. Цехта 10 түрлі соғылған бұйым әзірленеді.

Кәсіпкер айтып өткендей, қоластындағы «Гефест - Восток» ЖК байқауға ӨКП аудандық филиалының директоры Әлия Мұқашеваның ұсынысымен қатысуға бел буған. Көлік жөнінен көмектесіп, байқауға бару сапарын да ұйымдастырған филиал директоры еді.  

Бұл әрекет зая болмады: Светлана өмірлік серігі Александрмен бірге соғылған бұйымдарымен қазылар алқасының да, көрме қатысушыларының да назарын жаулап ала алды. Қонақтардың зор қызығушылығын ұсталық іс шеберлерінің қолынан шыққан тамаша бұйымдар тудырды. Нақышты кәдесыйлар, соғылған жиһаз бен әдемі иірілген қоршаулар көрермендердің көңілінен шықты. Ұсталар шеберлігі марапаттан тыс қалмады – олар қосымша «Жаңа өнім» номинациясында сертификат пен сыйлықтарға ие болды.

«Мұндай іс-шараға алғаш рет қатыса отырып, алғашқы марапатқа ие болып, әлі күнге дейін өткен байқау әсерінен айыға алмай жүрміз. Ең қарапайым марапатты алам деп те күтпеген едім, ал мұнда қатысушылар мен ұйымдастырушылардың ықыласына бөліндік. Толқыныста шек болмады, әлі де сол көңіл-күйде жүрміз. ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкий мен ауданымыздағы Кәсіпкерлер палатасының директоры Әлия Орымбекқызына қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамын. Осындай басшылардың арқасында біз, қарапайым халық өзімізді танытып, құрметке қол жеткізіп отырмыз. Бұның құны жоғары», - деді Светлана Кошелева.

Светлананың айтуынша, енді олар «жаңа рух» алып, екі еселенген энергиямен жұмыс жасауға дайын. «Байқауға қатысудың арқасында әлеуетті клиенттерге ие болдық, көптеген адамдармен таныстық және олардың үмітін ақтап, жаңа дүниелермен таңқалдыра беруіміз керек», - дейді кәсіпкер.

«Светлана мен Александр өнім өткізудегі қиындықтарға қарамастан, құр қарап отырмайды, өз мақсаттарына талпынады. Олардың байқауда қол жеткізген жетістіктері шеберліктерінің сұранысқа ие екендігін көрсетеді, деп есептеймін. Әрине, кәсіпкерлікте бәріне бірдей қол жеткізу мүмкін емес. Қашан да қиындықтар мен күтпеген жағдайлар болып тұрады, бірақ ешқашан да түңіліп, бастағанды тастауға болмайды», - деп атады ШҚО КП Көкпекті ауданындағы филиалының директоры Әлия Мұқашева.

Енді ұстаздар облыста өтетін басқа да байқауларға қатысуға дайындалуда.

Уақыт өте келе жеке кәсіпкерліктің отандық нарықтан өз тауашасын таба алатынына, «Қазақстанда жасалған» деген брендті лайықты түрде өркендетеріне шүбәміз жоқ. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер