astana-view

«Алтын сапа»: зергерлік бұйымдардан бастап гигиеналық сүлгілерге дейін

2015 жылғы 03 Қараша
7415 просмотров

Байқауға қатысатын шағын кәсіпорындар саны артуда, дейді ҰКП

Бүгін «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» байқаулары лауреаттары мен дипломанттарын іріктеу жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті. Қызу талқылаудан кейін екі байқаудың әрбір номинациясы бойынша 10 үздік кәсіпорыннан ұсынылды. Қазірде Президент Әкімшілігі жанындағы комиссияға енгізу үшін іріктелген қатысушылардың материалдары дайындалуда. Комиссияда үздіктердің үздігі анықталады.

Әлеуметтік-еңбек қатынастары департаментінің директоры әрі «Алтын сапа» байқауының хатшысы болып табылатын Салтанат Әбдікәрімованың айтуынша, биылғы жылы сыйлыққа талаптанушылар арасында шағын өндірістер өте көп. «Шағын бизнестің президенттік байқауға қатысуға деген ынтасы пайда болғаны тамаша жағдай. Олардың деңгейлері де өте жақсы, ұятқа қалдырмайтын тап-тамаша шағын кәсіпорындар баршылық», - деді ол.

Салтанат Әбдікәрімова сонымен қатар байқауға жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының көбірек қатыса бастағанын атап өтті. «Әйелдер пальтосын тігетін фирма бар, аяқ киім компаниялары көбейіпті. Байқауымызға зергерлердің қатысатыны көңіл қуантады. Тіпті гипстен мүсіншелер мен басқа да кәдесыйларды әзірлейтін бір мүсінші де бар. Сүлгілер және басқалары сияқты гигиеналық өнімдерді шығаратын компанияны алғаш көріп отырмын», - деп хабарлады ол.

Байқау хатшысының сөзінше, биылғы жылы «Алтын сапаға» мүмкіндігі шектеулі адамдар қатысуда: саңыраулар мен мылқаулар қоғамы, соқырлар қоғамы.

«Көп жылдар бойы қатыспай, аяқ астынан тәуекелге барған кәсіпорындар бар. Бұл кәсіпорындардың сапа деңгейін сақтап қана қоймай, оны жетілдіріп жүргені де жақсы. Мысалы, «Рахат». Биыл «Алтын сапа» 10 рет өткізіліп отыр, ал аталмыш компания 2006 жылы алғашқы жеңімпаз атанған болатын. Бұл өте керемет жайт!», - деп жалғады сөзін Салтанат Әбдікәрімова.

Байқау хатшысы байқау комиссиясының қорытынды отырысы жайлы айта келіп, кездесу барысында көптеген жаңа ұсыныстардың айтылғанын баса көрсетті. «Үздік азық-түлік тауарын, көзбен көріп, өнімінің дәмін татып көру үшін,  көрме соңында таңдауға кеңес берілуде. Аталмыш байқауларға қатысу үшін жұмыс берушілерді ынталандыру мәселелері көтерілді. Қараша айында барлығымыз бірге жиналып, біз ұсынғалы отырған байқауды реформалау жайлы тұжырымдамалық мәселелерді талқылауға келістік. Комиссия мүшелері де ұсыныстар енгізбекші», - деп атады ол.

Салтанат Әбдікәрімова іріктеуге және байқауды көпшілікке танытуға қатысуға шақырылған блогерлер жұмысын ерекше баса көрсетті. «Екі блогер де қызықты посттар жазды. Маған олардың патриоттық сезімдері ұнады. Отырыста олар өздері білетін кәсіпорындар жайлы үлкен құлшыныспен әңгімеледі. Олардың әрқайсысы үшін тілектестікте болды. Олар іс жүзінде сарапшылар алдында байқау қатысушыларының қорғаушылары ролін алды. Сарапшылар кәсіпорынды бағалаумен көп жылдар бойы айналысып келе жатыр, сондықтан да олар бұған ерекше сын тұрғысынан қарайды. Ал блогерлер халықтың дауысы сияқты қандай да бір қайырымды қорғаныш функциясын енгізді», - деді ол.

Жалпы, оның айтуынша, іріктеу кезінде қызу талқылау орын алып, комиссия мүшелері өзара дауласып, әрбір кәсіпорынды қорғап отырған. «Бірақ, бұған қарамастан, барлығы да іріктеуге аса объективті тұрғыдан келді және бәрі де ашық өтті», - деп қорытты Салтанат Әбдікәрімова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер