astana-view

Табыс тарихы: әрі жұмыспен қамтушы, әрі тауар өндіруші

2016 жылғы 11 Сәуір
13829 просмотров

«РЗА» АҚ – Қызылорданың 1000-нан астам тұрғынын жұмыспен қамтамасыз етіп отырған, сондай-ақ отандық тауар өндіретін ірі кәсіпорын

«РЗА» АҚ – Арал маңындаңы импорт алмастыру саясатына өз үлесін қосып келе жатқан өңірдегі ірі отандық тауар өндіруші болып саналады.

2000 жылы құрылған «Рза» Акционерлік Қоғамы Қызылорда облысындағы тұрақты жұмыс жасап келе жатқан, қуатты техникалық және өндірістік базасы, жоғары дәрежелі инженерлік-техникалық қызметкерлері, бай материалдық ресурстары бар ең ірі компанияның бірі.

Бүгінде компанияда 1200-ге жуық жұмысшы еңбек етуде. Компанияның Қызылорда, Алматы және Астана қалаларында тұрақты өкілдері жұмыс жасауда. АҚ-ның құрамында жұмыс жасайтын серіктестіктер:

«Рза-Агро» ЖШС. Серіктестіктің негізгі қызмет түрі – дәнді дақылдар мен мал азығы дақылдарын егу және өткізу. Барлығы 35 мың га жуық жер телімін иемденетін серіктестік жылына 1 млрд.тенге көлемінде өнім өндіреді, оның ішінде 5 мың тонна ақталған жоғары сапалы күріш – Ресей, Украина, Белоруссия, Тәжікстан, Түркіменстан мемлекеттеріне экспортқа жіберіледі.

Серіктестікте 410 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

«Рза-Асыл түлік» ЖШС – Қазақтанның индустриалдық даму картасының белсенді қатысушысы. Аталған бағдарлама шегінде кәсіпорын 2010 жылы ірі инвестициялық жобаны жүзеге асырды: экспортқа бағытталған сүт және ет өнімдерін өндіру бойынша типтік жобадағы тауарлы сүт фермасы және ауысымына 30 тонна сүт өңдейтін сүт зауыты салынды. Серіктестіктің негізгі қызмет түрі – асыл тұқымды мал шаруашылығы,  ет және сүт өндіру және өткізу. Венгриядан 660 бас голштин-фриз асыл тұқымды қашарлары әкелінді. Қазіргі таңда олардың саны 1600 басқа жетті. Әрбір сауын сиырдан 8000 литр сүт сауылып, жылына 5 500 тонна сүт өндіріледі. Кешенге қажетті құрал жабдықтар Голландия, Ирландия, Германия  мемлекеттерінен алынған. Кешенде 75 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

«Рза-Сүт»ЖШС-нің негізгі қызметі – сүт өнімдерін өңдеу және сату. Тәулігіне 30 тонна сүт өңдейтін  сүт зауыты еуропаның озық технологиялық құрал жабдықтарымен жабдықталған. Зауытта пастерленген және ультрапастерленген сүт, айран, қаймақ, ірімшік, сары май, құрт өнімдері шығарылады. Сүт өнімдері Қызылорда облысының аумағымен бірге Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында сатылуда. Кешенде 40 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

«Рза-Нан» ЖШС-нің өндірістік цехы еуропалық стандартқа сай  құрылғылармен жабдықталған, нан өнімдерін  өндіру  қуаттылығы 3200 кг. астам. Мұнда нан және кондитерлік өнімдердің 40-қа жуық түрлері дайындалады.

Толықтай еуропалық құрал-жабдықтармен жабдықталған шұжық цехының ет өнімдерін өндіру  қуаттылығы тәулігіне 2 тонна. Цехта  сарделькалар, сосискалар, тұшпара, тартылған ет, котлеттер, және де қақталған, жартылай қақталған  шұжық түрлері дайындалады. Серіктестікте 20 адам жұмыспен қамтылған.

«Рза» АҚ көп салалы кәсіпорын. Негізгі қызмет түрі – құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу, оның ішінде мелиоративтік құрылыс, тұрғын үй құрылысы, магистралдық су құбырларын жүргізу. Құрылыс-монтаж жұмыстарын  жүргізуге байланысты I категориялы мемлекеттік лицензияның иегері. Халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша 2003 жылдан бері Қызылорда облысының Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарында құрылыс жұмыстарын атқарып келеді.

«Рза-Транс» ЖШС-нің негізгі қызмет түрі – акционерлік қоғамның барлық бөлімшелерін өндірістік мақсаттағы қажетті техникалармен қамтамасыз ету. Онда қуаттылығы жоғары ауыл шаруашылығы және құрылыс саласына қажетті қазіргі заман талабына сай техникалар жұмылдырылған, яғни  жер қазуға және жүк көтеруге арналған машиналар, сонымен қатар әртүрлі мақсатқа пайдаланылатын механизмдер. Серіктестікте 100 адам жұмыс жасайды.

«РЗА-Мұнай-Газ-Құрылыс» ЖШС-да Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарын жанар-жағар маймен қамтамасыз ететін сыйымдылығы 4855 текшеметр (бензин, дизельдік отын, нигрол, дизельдік май, т.б. сақтайтын) мұнай резервуарлары бар. Сонымен қатар, жаңа типтік жобамен салынған 4 май тарату бекеті өз қызметтерін көрсетуде. Серіктестікте 26 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Жалпы «РЗА» АҚ аймақтың экономикасының дамуына, тұрғындарды жұмыспен қамтуға, ең бастысы өңір тұрғындарын сапалы отандық өнімдермен қамтамасыз етуші компания.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер