astana-view

«Атамекен» әйелдер кәсіпкерлігін жоғары бағалайды

2016 жылғы 01 Маусым
9570 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанынан Іскер әйелдер кеңесінің құрылуы өңірлердегі әйелдердің бизнес-бастамаларына тың серпіліс беруде

Төрт миллионнан астам қазақстандық әйел өзін-өзі жұмыспен қамтыған болып саналады. Оған қоса, әйел кәсіпкерлер қаржылық, несиелік және салықтық тәртіптің жоғары деңгейін көрсетуде. Бұл жайында бүгін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің ІІ конгресі барысында «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов мәлімдеді. Ол алдымен бір жыл бұрын өз бастамасымен  Іскер әйелдер кеңесінің құрылуына себепші болған «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаевтың үндеуін оқып берді. Кеңес қызметінің жемісі біз күткендегіден асып түсті. «Сіздердің жұмыстарыңыздың қорытындысы бойынша, «Атамекен» ҰКП-да өз ісі үшін жанын беретін бастамашыл және белсенді әйелдер біріккен деп айта аламын. Сіздер тек жақындарыңыз бен туғандарыңызға ғана көңіл бөліп қоймай, осы қиын уақытта өз қызметкерлеріңіздің де қамын жейсіздер», – делінген Тимур Құлыбаевтың үндеуінде. «Атамекен» ҰКП-ның Іскер әйелдер кеңесі – бұл өз әлеуетін еліміздің келешегіне жұмсауды маңызды санайтындардың барлығына арналған ашық алаң деп атап өткім келеді. Сіздерге мол табыстар мен жаңа жеңістер тілеймін!», – деп атап өткен өз үндеуінде «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы.

Әйел кәсіпкерлердің жігерлі көңіл-күйі мен табандылығы бүгінгі Конгресте бірнеше рет атап айтылды. «Мен бір жыл ішінде бізде әйелдер бастамасы қандай қарқынмен дүр сілкінгеніне таң қаламын және сүйсінемін. 4 миллионнан астам кәсіпкер әйел дегеніміз еңбекке қабілетті тұрғындардың жартысы деген сөз. Әйелдердің бизнес-бастамаларын қолдауға айрықша көңіл бөлетін Елбасымыз әрдайым атап көрсеткендей, Сіздердің иықтарыңызда отбасының хал-жағдайы, игілігі, ошақ қасының тірлігімен қоса, бүкіл еліміздің жағдайы тұр», – деді А.Мырзахметов.  Құрылған сәтінен бергі бір жыл ішінде Кеңесте іскер әйелдер ортақ тіл табысты және «әрбір облыста, әрбір ауданда» ортақ мақсатқа жұмылды.

«Сіздерге қарап біз ең белсенді, ең прогресшіл, ең сындарлы күшті көріп тұрмыз», – деп қосты Абылай Мырзахметов. Басқарма төрағасы «Атамекеннің» өңірлік палаталарының басшы азаматтарына әйел әріптестерінің жұмыс стилін  үлгі етіп келтірді. «Әйелдер керекті сөзді, оның ыңғайын, әдісін таба біледі, адамдарға не қажет екенін жақсы ұғынады, түсінікті тілде сөйлеседі, бүгінгі күні ненің сұранысқа ие екенін біледі», – деп атап өтті ҰКП Басқарма басшысы.

«Атамекен» әрі қарай да әйелдердің бизнес-бастамаларын ұлттық масштабта барынша дамытуға қолдау көрсетуге ниетті. «Әйелдер кәсіпкерлігіне бұдан  да үлкен назар аудару қажет екендігіне сенімдімін, мысалы, жеңіл өнеркәсіпте, қызмет көрсету, туризм, қоғамдық тамақтандыру салаларында», – деді Абылай Мырзахметов. Қазір «Атамекенге» қалалар мен облыстардан түсіп жатқан ұсыныстар жобалардың пакетіне кіргізілетін болады, оларды ҰКП басшылары барлық деңгейде, оның ішінде орталық мемлекеттік органдарда талқылайды.

Әйелдер бизнесін несиелеудің көрсеткіштеріне түсінік берген Абылай Мырзахметовтің келтіруінше, «соманың ширек бөлігі қазірдің өзінде игерілген».  «Әйелдер барынша жауапты, жинақы, тәртіпшіл, мұның бәрі өте маңызды қасиеттер. Шағын несиелер – бұл да әйелдердің кәсіпкерлігін қолдау», – деп түйіндеді «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер