astana-view

Бизнестің қамы – елдің қамы

2016 жылғы 09 Маусым
- Жетісу облысы
9779 просмотров

Екі жарым жылдың ішінде Кәсіпкерлер палатасы жалпы сомасы 1,3 миллиардтан астам теңгеге тең кәсіпкерлердің құқықтарын қорғаған

Алматы облысы ӨКП 2013-2016 жылдардағы қызметінің қортындыларын шығарды.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Кәсіпкерлер палатасының директоры Ләззат Шыңғысбаева журналистерге ұйымның құрылу тарихын, қызметінің негізгі бағыттарын және келешек жобалар туралы баяндап берді. «16 аудан мен 2 қалада Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалдары құрылды. Палатаның Өңірлік кеңесі кәсіпкерлер субъектілерінен жасақталған. Кеңес жанынан бірнеше комитеттер құрылды, атап айтсақ: агро өнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі комитет, туризмді дамыту мәселелері жөніндегі комитет, жергілікті құрамды мониторингілеу және отандық өндірушілерді ілгерілету жөніндегі комитет, тариф жасау мен өнеркәсіп жөніндегі комитет, кадрлық саясат мәселелері жөніндегі комитет пен бюджеттік комиссия. Сондай-ақ Іскер әйелдер кеңесі жұмыс істеп тұр», – деп атап өтті ӨКП басшысы. Жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдардың қызметіндегі ашықтық пен тиімділікті қамтамасыз ету мақсатында кәсіпкерлер Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарының жанынан құрылған 63 кеңес беру органның құрамына ұсынылып, енгізілген.

Директордың экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Әсет Шаяхметов Кәсіпкерлер палатасының белсенді көмек беруінің арқасында ет пен жеміс-жидек бағытындағы 20 ауылшаруашылық кооперативі тіркелгендігін атап өтті. Аталған кооперативтердің құрамына 56 шаруа қожалығы, 1 ЖК пен 18 жеке тұлға кіріпті. «Одан бөлек, өнімдерді өткізуді қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласының сауда желілері мен Алматы облысы ауылшаруашылық кооперативтері арасында өзара тиімді әріптестік құру жөніндегі келісімге қол қойылды. 2014 жылдың басынан бері ӨКП қызметкерлері ісін жаңа бастаушы және осы салада әрекет етіп келе жатқан кәсіпкерлерге арнап гранттар алуға, банк несиелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау үшін, ауылшаруашылық техникасының және технологиялық құрал-жабдықтардың лизингісі бойынша ісін жаңа бастаушы кәсіпкерлерге кәсіпкерлік істі бастау үшін 500 бизнес-жоспар құрып берді. 2015 жылдың өзінде ғана ӨКП жалпы сомасы 2 000 млн теңге болатын 155 жобаны сүйемелдеді, соның ішінде 50 жобаны ӨКП сүйемелдесе, 105-ін КҚО сүйемелдеді», – деп атап өтті А. Шаяхметов.

Директордың құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Қанат Қабдиев БАҚ өкілдеріне бизнесті қорғау желісі бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде айтып өтті. Мәселен, 2,5 жылдың ішінде 1 млрд 386 млн теңгеге кәсіпкерлердің құқықтары қорғалған. Шағымдардың басым бөлігі мемлекеттік сатып алу, жер және салықтық қатынастар, монополия, бәсекелестік пен тариф жасау, рұқсат беру рәсімдері мәселелеріне қатысты болған. Осы уақыт аралығында мемлекеттік органдармен болған дау-дамайларда Палатаның үшінші жақ ретінде қатысуымен соттың 24 шешімі кәсіпкерлердің пайдасына шығарылған. «2014 жылдан бастап осы күнге дейін Алматы облысы Кәсіпкерлер палатсы 50 әкімшілік кедергіні анықтады, соның ішінде: 19-ы республикалық деңгейде, 39-ы жергілікті деңгейде, 33-і жойылды. Нормативтік-құқықтық актілерге сараптама жүргізу саласында. Бірінші тоқсанда 35 нормативті-құқықтық акті жобасы қаралды. Соның ішінде 12-сіне қатысты ескерту жасалды. 2015 жылы сараптамалық қорытынды алуға 186 ҰКП жобасы келіп түсті, соның ішінде ескертпелермен 166 жоба мақұлданды, бір жобадан бас тарттық», – дейді Қ.Қабдиев.

Адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Алмагүл Оңғарбаева Палатаның әлеуметтік бағыттағы қызметімен таныстырып өтті. «2013 жылдан бері Кәсіпкерлер палатасы білім басқармасымен бірлесіп Дуальды оқыту жол картасын жүзеге асыруда. «Дуальды оқытудың жол картасына» экономиканың 4 саласындағы 12 мамандық бойынша 18 колледж енгізілген. 630 студент қамтылған 12 мамандық бойынша оқытуға 90 әлеуметтік әріптес жұмылдырылды. Әлеуметтік әріптестермен 92 шарт жасалды», – дейді А.Оңғарбаева. Сондай-ақ ол облыс кәсіпорындарындағы кадрлік сұранысқа жүргізілген мониторингтің мәліметтерін айтып өтті. Анық болғандай, өңірде 25 мың маманға деген тапшылық байқалады екен.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер