astana-view

Райхангүл Сатабаева: «Бизнестің көптеген мәселелері өз шешімін табуда»

2016 жылғы 13 Маусым
- Павлодар облысы
7070 просмотров

Павлодар облысы  Кәсіпкерлер  палатасы Өңірлік кеңесінің басшысы  кәсіпкерлік ортада ӨКП-ның жауапты және сенімді серіктес ретінде беделі қалыптасты деп санайды.

– Райхангүл Қайырбайқызы, Кәсіпкерлер палатасына байыпты өкілеттіктер берілген  және  кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау мен таныту оның басты  міндеті болып табылады. Өңірлік палатаның жұмысын Сіз жалпы қалай бағалайсыз?

- Ұлтық кәсіпкерлер палатасы 2013 жылы қыркүйекте пайда болды және осы уақыт ішінде талай жұмыс атқарды. Палата көбіне бизнестің дамуына жәрдемдеседі, қазір кәсіпкерлер бізге кәсіби көмек қолын созу үшін көптеп келуде.  

Облыстағы кәсіпкерлікті дамытуда  Кәсіпкерлер паласының реттеуші органы – Өңірлік кеңес қуатты күш болып табылады, оның құрамына облысқа белгілі 25 ірі, орта және шағын бизнес өкілдері кіреді. Өңірлік кеңестің басты міндеті – бизнес пен билік арасында көкейтесті мәселелерді шешуде диалог жүргізу.

Үш жылға жуық  жұмыс қорытындысын шығара келе, Өңірлік кеңес өзінің тиімділігін бірнеше рет айғақтады деп ауыз толтыра айтуға болады. Өңірлік кеңес мүшелерінің кәсіпкерліктің өткір мәселелерін түсінетін кәсіби қасиеттерінің арқасында жүйелік мәселелер үкімет деңгейіне дейін көтеріліп, айтылды. Бұл жергілікті өндірушілердің тауарларын нарыққа өткізуге қатысты, ірі, жүйе құраушы кәсіпорындарға өнім, қызмет көрсету жұмысын жеткізуге қатысу, бақылау-кассалық машиналар мен посттерминалдарды  енгізу, отандық өндірушіні тарифтік емес шаралар арқылы мемлекеттік реттеуден қорғау мақсатымен үкіметтік емес стандарттарды енгізу қажеттігі жайлы ұсыныс айтылды. Жалпы көп нәтиже бар және жұмыс өте белсенді түрде жүргізілуде.

– Нақты мысалдар келтіре аласыз ба?

– Өңірлік палатаға барлық жұмыс кезеңінде шамамен 800 кәсіпкер шағымданды. 218 млн теңгеден астам сомаға кәсіпкерлік субъектілерінің мүліктік құқықтарын қорғадық. Өңірлік палатада кәсіпкерлерге әкімшілік қысымды азайтуға және жемқорлықтың құрамдасын қысқартуға бағытталған іс-шараларға ерекше көңіл бөлінеді.

Жасалған меморандумға сәйкес, облыс прокуратурасы мен Палата арасындағы тиімді өзара іс-әрекет қандай мәселені болса да қарауда маңызды тұс болып табылады. Жер учаскесіне құқықтар ұсыну туралы өтініштерді қарау мерзімдері бойынша уәкілетті органның әділетті қарауы жөнінде жетістіктерге жеттік.

Қалалық жер комиссиясы жұмысына прокурорлық ықпал етудің арқасында материалдарды өтініш білдірген кәсіпорындарға қайта жіберу деген негізсіз іс-тәжірибе алынып тасталды.

Тағы да бір мысал. «Тимур» шаруа қожалығының Павлодар ауданында мал шаруашылығын жүргізуге жер учаскесін беру жайлы  мәселесі  қысқа мерзімде шешілді. 

«Павлодар жылу жүйесі» кәсіпорны Комзин деген жеке кәсіпкерге жылу қуаты көлемін қайта есептеу туралы талап-арызды сотқа берді. Палата заңгерлері анықтауынша, жылу жүйелері тұтынылған қуат көлемін едәуір арттырған.

ӨКП құқықтық блогы 64 әкімшілік кедергі барын анықтады. Олардың ішінде Несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін демеу ережелерінде кәсіпкердің қолданыстағы шартты ұзарту туралы өтініштерін беруге шекті мерзімдердің  болмауы, бұрып әкетілетін  ағынды суларды қосымша тазарту төлемақысы жөнінде шоттар ұсыну бойынша монополистің заңсыз іс-қимылдары, коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақтау нормаларының болмауы. Кәсіпкерліктің субъектілерін сенімхатпен басқаруға қылмыстық-түзету жүйесінің мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік мекемелері балансында бекітілген нысандарды беру мүмкіндігінің болмауы, сәулет органдарының нысандарына маңдайша мен штендерді сыртқы жарнаманың нысандарына жатқызуы, тағы басқалары да  бір-бір мәселе болып табылады. 

Біз бизнестің мүдделерін соттарда қорғаймыз. Палатаның өкілдері  барлығы азаматтық істер бойынша 30 сот мәжілісіне қатысты, мұнда  кәсіпкерлердің құқықтарын сот 24 іс бойынша қалпына келтірді.

Экономикалық блок кәсіпкерлікті дамытуды қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру жөнінде жұмыс жасауды жалғастыруда, шағын және орта бизнесті дамытудың аймақтық картасын қалыптастыру жұмысы жүргізілді.  

Мемлекеттік-жекеменшік  серіктестік, өндірілетін тауарлар мен жұмыс қызмет көрсетуді жылжытуда аймақ тауар өндірушілерін  қолдау аясында жобаларды жүзеге асыру жұмысы жүргізілуде.

Сатып алуларда қазақстандық  қамту үлесін арттыру мақсатымен жергілікті тауар өндірушілер туралы тапсырыс берушілерді уақытылы хабардар ету үшін сатып алуларды мониторингтеу жүргізіледі. Сонымен бірге Палата сарапшылары сатып алуға қатысушы-кәсіпорындарды аралап шығуды ұйымдастырды. Барлығы 235 кәсіпорынды аралады. Сонымен қатар шамамен 187 кәсіпорынға  сатып алу мәселесі бойынша кеңес берілді.

Павлодар облысы  кәсіпкерлері тізбесі құрылып, оған 359 кәсіпорын кірген. Өнімді кепілді өткізу үшін үкіметтік емес стандарттарды әзірлеуде өндірістік үдеріспен танысу және өндіруші-кәсіпорындарды тарту мақсатымен сатып алуларға қатысатын аймақ тауар өндірушілерінің барлығын араладық.

Сондай-ақ ауыл шаруашылығы кооперациясы маңыздылығын атап өту қажет. Кооперация Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады және ауыл бизнесі алдында көптеген мүмкіншіліктерге жол ашады. Біз облыс бойынша қазіргі таңда 8 кооператив  құрылған. Бұл бағыттағы жұмысты жалғастырамыз.

Әлеуметтік саясат, жұмыс берушілердің білікті кадрларға деген қажеттілігі бойынша да жұмыстар жүргізілуде.

–  Кәсіпкерлерге сервистік қолдау қалайша көрсетілуде?

–  Кәсіпкерлердің палатасы  «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын төртінші бағыты аясында жұмыс істеп тұрған бизнесті жүргізуге  сервистік қолдау көрсетуде табысты еңбек етуде. Сервистік қызмет алған кәсіпкерлер саны екі мыңнан асады, сервистік қызмет саны бес мыңға жуық.

 25 менеджер-кеңесші жұмыс істейтін, кәсіпкерлікті қолдайтын 12 орталық жұмысты жалғастыруда, олардың 20-сы аудан орталықтарында және 5 моноқалаларда.

ӨКП қызметін қорытындылай келе Палата экономиканың барлық салаларында белсенді жұмыс істеуде деп атап өткім келеді. Осылайша,  кәсіпкерлік ортада Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы жауапты және сенімді серіктес ретінде  қалыптасты.


Ұқсас жаңалықтар:

Бизнес үшін оңтайлы орта құру қажет
14 Маусым
2016
Шығыс Қазақстан облысы
Бизнеске тың серпін қажет
14 Маусым
2016
Маңғыстау облысы
Бүгінгі студент – ертеңгі шебер
13 Маусым
2016
Ақмола облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер