astana-view

Алғашқы отырыстан-ақ шаруасы алға басты

2016 жылғы 13 Маусым
3009 просмотров

Сатып алулар саласында құрылған аймақтық жұмыс тобы белсенділігімен көзге түскен Алматы қаласында бүгінде аталмыш комиссияның 4 отырысы өткізілген.

Соның алғашқысында денсаулық сақтау бағытындағы мемлекеттік сатып алуларда жергілікті үлесті дамыту мәселесі қарастырылып, шараға 140 отандық тауар өндіруші қатысқан. Көрме-конференция қорытындысында жалпы сомасы 57,6 млн теңгеге келісімшарттар жасалған.

Бұл қазақстандық компаниялардың қатарында бір реттік қолдануға арналған медициналық өнімдер шығаратын «Juldyz Kenan Co., LTD» ЖШС бар. Сонау 1993 жылдан нағыз елішілік кәсіпорын мәртебесін иеленген серіктестік бүгінде 56 аталым бойынша төл дүниесін тұтынушы тарапқа табыстауда.

«Халықаралық сертификация мекемесі өндірісіміздің ISO 13485:2003 медициналық мақсаттағы бұйымдар тәжірибесіне сәйкестік талабын растап, қазіргі уақытта тауарымызды көршілес мемлекеттерге экспорттай бастадық. Алматы қаласындағы мемлекеттік, ұлттық компаниялар мен ұйымдар сатып алуларындағы жергілікті мазмұнға мониторинг жүргізу жөніндегі «Атамекен» комиссиясы қызметінің арқасында, өнімімізді жеткізуге қатысты 10 миллион теңгеден астам көлемдегі қаржыға уағдаластыққа отырдық», - дейді «Juldyz Kenan Co., LTD» ЖШС директоры Бағлан Баққұлова.

Кәсіпорын басшысы Комиссия тек құрғақ басқосулар мен тыңдалымдар өткізумен ғана шектелмей, мемлекеттік сатып алулар жағдайын іс жүзінде салмақтап отыратынын атап көрсетті. Мәселен, наурыз айының басында ықтимал тапсырыс берушілер саналатын қалалық емханалардың бас дәрігерлері, есепші мамандар атсалысқан көрме ұйымдастылып, отандық тауар өндірушілер өз өнімін таныстырып, пікір алмасуға мүмкіндік алған. 

Алдаберген КЕМПІРБАЕВ    


Ұқсас жаңалықтар:

Бизнес үшін оңтайлы орта құру қажет
14 Маусым
2016
Шығыс Қазақстан облысы
Бизнеске тың серпін қажет
14 Маусым
2016
Маңғыстау облысы
Бүгінгі студент – ертеңгі шебер
13 Маусым
2016
Ақмола облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер