astana-view

Алтын сапа: Алматылықтардың бес қаруы сай!

2016 жылғы 01 Шілде
- Алматы қаласы
8348 просмотров

Оңтүстік астананың 70-ке жуық компаниясы «Алтын сапа» мен «Қазақстанның үздік тауары» байқауларына қатысуға даярлайтын семинарға қатысты

Байқауға қатысу үшін 2016 жылғы «Қазақстанның үздік тауары» атты Президент сыйлығынан үміткер ретінде Алматы қаласынан 45 өтініш келіп түсті. 25 компания «Алтын сапа» белгісін иелену үшін бақ сынап көрмек. Өңірлік таңдаудан өтіп қана қоймай, ұлттық деңгейде жеңіске жету үшін ҚР «Атамекен» ҰКП республикалық семинарлар ұйымдастырды.

Кеңестер мен бағыт-бағдарды «Атамекен» ҚР ҰКП жұмыспен қамту департаменті директорының орынбасары Салтанат Әбдікәрімова берді.

«Көптеген кәсіпкерлер анкетаны толтырып жатқанда-ақ қателік жібереді, – деп атап көрсетті лектор. –  Компанияның жетістігі деген жолға терең мән беруі керек. Жергілікті атқарушы органдарың берген мақтау қағазы, марапаты болсын, сертификат беретін органдардың немесе халықаралық жобалардағы жетістіктері туралы нақты айтып көрсету керек. Көбіне көп еленбейтін дүниелерді ғана жазады. Комиссия мүшелеріне компанияның қызметі туралы нақты ақпарат берілмей жатады» деді. 

Семинар кезінде тыңдармандарға байқауға қатысудың ережелері мен тәртібі туралы айтылды. Басты мәселелерге назар аудартты. Мәселен, өндірістегі қызметте өзін бағалау дұрыс көрсетілуі тиіс. Өзге елдердегі менеджмент сапасының жүйесін бағалау үлгісін салыстырып көрсетуі керек. Жиі қойылған сауалдардың ақыры тыңдармандар мен лектор арасындағы сұхбатқа ауысты. Семинар соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар тапсырылды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер