astana-view

Алтын сапа: Жүк тасымалында үздік

2016 жылғы 28 Шілде
2240 просмотров

Орталық Азия өңірі бойынша ірі жекеменшік теміржол операторы, 12200 вагоннан тұратын жұмыс паркі

Бұл былтыр Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алған «Исткомтранс» компаниясы жайлы деректер. Мерейтойлық салтанатты шарада тиісті ЖШС «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» аталымына лайық деп танылды.

Құрмет белгісі ретіндегі естелік мүсінше мен арнайы дипломды «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев «Исткомтранс» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы Марат Сәрсеновке тапсырды.

Осылайша, дәрежесі жоғары байқаудың барлық кезеңі мен сарапшылар комиссиясының қатаң іріктеуінен өткен компания, Қазақстан нарығында көлік-логистика қызметтерін ұсынатын жетекші орын иеленетінін тағы бір мәрте дәлелдеді. Себебі, 2002 жылы негізі қаланған сәттен бастап, жеңімпаз орта кәсіпкерлік субъектісі, теміржолдағы жүк тасымалында көшбасшылыққа ұмтылумен болған. Ел іші мен шетелде филиалдарының және өкілдіктерінің кең желісі бар компанияда сапа менеджменті жүйесі, жұмыс тиімділігін көтеру мен жетілдіру үдерістері сәтті енгізілген.

«Алтын сапа» сыйлығын алу – Исткомтранс үшін үлкен мәртебе. Ұзақ жылғы тәжірибеміздің арқасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың отандық көлік-логистика жүйесін дамытып, Қазақстанда Еуропа мен Азияны жалғайтын ірі логистикалық хаб құру тапсырмасын орындауға белсене атсалыспақпыз», - дейді Марат Сәрсенов.

«Исткомтранс» компаниясының қаржылық тұрақтылығы белді халықаралық аудиторлық мекемелермен және кредиттік рейтингтік агенттіктермен расталуда. Мәселен, Forbes Kazakhstan бағалауы бойынша, аталмыш кәсіпорын Қазақстандағы жылдам өркендеп жатқан ТОП-25 қатарына нық жайғасқан.

Алдаберген КЕМПІРБАЕВ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер