astana-view

Ұйыған отбасының берекелі бизнесі

2016 жылғы 28 Шілде
- Солтүстік Қазақстан облысы
7483 просмотров

«Қазақстанның үздік тауары» өңірлік конкурсында жеңістен үміткер, әрі бұған дейін өткен облыстық «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы атанған ақжарлық бизнесмен Жандос Мадигаж табыс кілті – отбасы деп санайды 

Ақжар ауданы Талшық ауылының тұрғындары Мадигаждар отбасын жақсы таниды. Жандос  он саусағынан өнер тамған шебер. Қолынан келмейтіні жоқ, домбыра да, астау да, үстел де, ат әбзелдерін де, кәдесыйда жасайды. 2013 жылы жеке кәсіпкер ретінде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 1,2 млн теңге грант алды да, халық қолөнері цехын ашты. Осы заманғы жабдықпен жабдықтады. Ол шығарған өнімді осы аймақ адамдары ғана сатып алып, тапсырыс беріп қоймайды, көршілес Ресейде де сұранысқа ие. Жылына тым құрығанда, жаңа өнімнің бір түрін қосып, тауар қатарын молайтып отыруға тырысады. Шабыты қайырымдылық шарасы өткен сайын ояна түседі, мұқтаж жанға көмектескен сайын адамгершілік нұры шалқиды. Алты балалы үбірлі-шүбірлі шаңырағы да шабытына шабыт қосады. Әсіресе жан жары Хибат Мадигаж үнемі қоштап-қолдап қана қоймайды, қолына ине-жіп алып, ісмерлікпен айналысады. Осы бір татулығы жарасқан үлкен отбасы облыстық «Мерейлі отбасы» байқауында лайықты орнын алды, енді міне қыркүйекте өтетін конкурста Солтүстік Қазақстан облысы атынан сайысқа шығады.  Кәсіпкер тамызда «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік конкурс-көрмесіне қатысып, «Үздік азық-түлік тауары» аталымы бойынша сынға түседі. Ақжар ауданы Кәсіпкерлер палатасы жерлестеріне барлық сайыста озып шығуға тілектестік білдірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер