astana-view

Жергілікті кәсіп иелері Қарағанды жұртын орталық саябақта күтеді

2016 жылғы 26 Тамыз
- Қарағанды облысы
7063 просмотров

27 тамыз күні Қарағандыдағы Орталық саябақта «Қазақстанның үздік тауары-2016» өңірлік байқау-көрмесі өтеді

Бүгінде байқауға қатысу үшін 85 кәсіпорын өтінім берген.

«Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» аталымы бойынша 27 компания, «Халыққа арналған үздік тауар» аталымы бойынша 42 компания, «Үздік азық-түлік тауары» аталымы бойынша 16 компания сынға түседі.

Жергілікті өнемдердің жыл сайын өтетін көрмесінде қолөнершілер мен туристік фирмалар да бас қосады. Шара аясында ЭКСПО-ға арналған кәдесыйлар мен өңірдегі туристік бағыттар көрмесі өтеді. Шағын кәсіпкерлерге кеңестер беріліп, ал ірі кәсіпкерлер осы шараға арнайы келетін шетелдік әріптестерімен серіктестік құру жөнінде келіссөздер жүргізе алады.

Естеріңізге сала кетсек, байқауды былтырдан бері Кәсіпкерлер палатасы мен Қарағанды облысы әкімдігі ұйымдастырып келеді.

Биыл байқау 11-рет өткізіліп отыр. Айта кетерлігі, өткен жылдан бері байқауға ірі және орта бизнеспен қатар, жеке кәсіпкерлер де қатысып келеді.

«Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесі үш аталым бойынша өткізіледі: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар», «Халыққа арналған үздік тауар», «Үздік азық-түлік тауары». Конкурс дипломанттары әр аталым бойынша «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесінің белгісімен және I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталады.

Одан бөлек, жеңімпаздар бизнес-қауымдастықтар тағайындаған қосымша сыйлықтармен марапатталады:

1. Ең жоғарғы пилотаж (тұрақты жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорын)

2. Жыл жаңалығы (старт-ап) (облыстың Кәсіпкерлік басқармасы, «Даму» қоры)

3. Әлеуметтік жауапты бизнес (Азаматтық альянс)

4. Жылдың ақпараттық жобасы (БАҚ) (Қарағанды облысы Іскер әйелдер кеңесі)

5. Шағын және орта бизнесті дамытуға қосқан үлесі үшін (облыс қауымдастықтары)

6. Үлгілі салық төлеуші (Мемлекеттік кіріс департаменті)

7. ЭКСПО-ға арналған өнімдер (Жасыл экономика коалициясы)

Бұл байқаудың негізгі мақсаты мен міндеттері отандық өндірушілердің танымалдығын арттыру, оларды импортпен бәсекелестік күреске тарту, отандық өнімге деген сенімсіздікті жою, кәсіпорындарды өнім сапасын арттыруға ынталандыру.

Көрмеге қатысу – тегін.

Байқау жеңімпазы атанған кәсіпорындар дипломдармен марапатталып, Астана қаласында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың қатысуымен өтетін республикалық «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесіне қатысу мәртебесіне ие болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер