Қытайға саяхат
Кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері Қытай Халық Республикасына іссапармен барды
Сапардың мақсаты – сауда-инвестиция саласындағы ынтымақтастықты дамыту.
Апта бойы астаналық кәсіпкер әйелдер іскерлік кездесулерге, дөңгелек үстелдерге, мәдени шараларға қатысып, ЭКСПО-ның екі көрмесін аралады. Олар: Уцзяцюй қаласындағы «ЭКСПО» көрмесі мен Үрімші қаласындағы «Қытай-Еуразия» ЭКСПО» көрмесі.
Кәсіпкерлер көрмеде ұсынылған тоқыма өнімдерімен, киімдермен, азық-түлік тауарларымен, өндіріспен, құрылыс материалдарымен және зергерлік бұйымдармен танысты.
Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Бағила Бисембаева Жібек жолын жаңғыртудың бірден-бір жолы сауда саласы болуына байланысты сапардың маңыздылығын атап өтті.
Іс-шараға Ресей, Қырғызстан, Армения, Грузиядан барлығы 100-ден астам кәсіпкер қатысты. Іскерлік саяхаттың ұйымдастырушысы – қытайлық бизнес-консалтинг компаниясы.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: