astana-view

«Қазақстанның үздік тауарын» таңдайық: «Тараз былғары аяқ киім» ЖШС

2016 жылғы 20 Қазан
8851 просмотров

«Тұрғындарға арналған үздік тауар» аталымы бойынша «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауының бірінші дәрежелі дипломанты 

«Тараз былғары аяқ киім» ЖШС 2002 жылы бұрынғы «Жамбыл аяқ киім» өндірістік бірлестігі базасында құрылды. Ал бұл бірлестік 1961 жылы бұрынғы Жамбыл қаласында іргетасы қаланып, КСРО бойынша былғары аяқ киім кәсіпорындары арасындағы ірі әрі белгілі өндіріс орны болып саналған.  

Кәсіпорын құрамына: былғары өндірісі, аяқ киім өндірісі, сонымен бірге, қосалқы өндіріс бөлімдері енеді.

«Тараз былғары аяқ киім» ЖШС шикізаттан бастап дайын өнімге дейінгі өндірістің толық циклын қамтиды. Кәсіпорын ірі қара мал шикізатын қалдықсыз әрі терең қайта өңдеуден бастап, былғары жартылай фабрикатын шығаруға дейін өңдеп шығара ете алады. Осылайша, жартылай фабрикатты қайта өңдеу арқылы былғарының әр түрін алуға болады.

Былғарыдан тігілетін аяқ киімердің барлығы жеке өндіріс өнімдерімен қамтамасыз етіледі.

Аяқ киім өндірісі арнайы аяқ киім, жұмыс, күнделікті тұрмысқа қажет, әскер және қарулы күштер аяқ киімдері болып жіктеледі.

Былғары және аяқ киімнің барлық өнімдері сертификатталған. Негізгі тұтынушылары ҚР ҚМ, ҚР ҰҚК және түрлі өнеркәсіп салаларындағы ұлттық компаниялар болып табылады.

Кәсіпорын ИСО 9001-2009, 14001-2006, СТР РК OHSAS 18001-2008 СТ ҚР талаптарына сай деп табылған.

Кәсіпорында 300-ге жуық адам жұмыс істейді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер