astana-view

«Қазақстанның үздік тауарын» таңдайық: «Рысбаева и Ко» ЖШС

2016 жылғы 21 Қазан
5806 просмотров

«Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауының  «Халық тұтынатын үздік тауарлар» аталымы бойынша екінші дипломанты атанған

Кәсіпорын 1992 жылы құрылды. Компания мөр мен мөртабандар және баспа қызметінің барлық түрін, қаптамадан бастап әртүрлі өнімдер мен жарнамалық кәдесыйлар шығарады.

«Рысбаева и Ко» ЖШС 24 жылдың ішінде облыстағы және одан тыс аймақтардағы полиграфия нарығында зор беделге ие болды. Және де мөр, визитка және буклет, мақтау қағаздары, диплом сынды жоғары сапалы өнімдер шығарумен танымал.

«Рысбаева и Ко» ЖШС қағаздардың ерекше түрлерін, жаңа үлгідегі ашық хаттарды әрлеу, фольгамен өрнектеу, әртүрлі картон қаптамаларға арналған кесу құралдарын дайындау және тағы басқа жұмыстарды дамытып отыр.

Кәсіпорын ҚР СТ ИСО 9001-2009 талаптарына сай сертификатталған.

Компанияда 34 жұмысшы еңбек етеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер