astana-view

«Қазақстанның үздік тауарын» таңдайық: «Ромащенко В.Ф.-Электроник-Форс» ЖК

2016 жылғы 26 Қазан
4352 просмотров

«Үздік азық-түлік тауарлары» аталымы бойынша «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауының үшінші дәрежелі дипломанты  

Кәсіпкер өз өндірісін 2012 жылы «Сила Аратау» брэндімен бастады. 

Бал арасы кешені стационарлық омартасы Жамбыл облысы Қордай ауданы Жеті жол жотасының оңтүстік баурайындағы республикалық мәндегі «Қарақоңыз» мемлекеттік ботаникалық қорығы аумағында орналасқан.  

Өз міндетін адал атқарып келе жатқан компания халық ішінде үгіт-насихат жұмысын кеңінен жүргізіп келеді. Кәсіпорын  «Интенсив Бiлiм»  білім беру орталығымен келісімшарт жасасып, оның дәрісханаларын қоғамдық дәрістер өткізуге қолданып жүр.

Компания өндіретін балды Жамбыл облысының параолимпиадалық құрамасы, «Дана» мектепке дейінгі шағын орталығы және Қордай ауылындағы балабақшалар тұтынады.

Коммерциялық сипатын айтар болсақ, «Аратау» бал арасы кешені өндіретін бал Қазақстан, Қырғызстан, Ресейдегі көтерме сауда орындарында, сонымен қатар Қордай ауданы, Тараз, Алматы қалаларындағы бөлшек сауда жүйелері мен жәрмеңкелерде сатылады.  

Кәсіпорын шығаратын өнім сертификатталған, нарықта сұранысы мол, өнімді сату көлемі де ұлғайып, бағасы көңілден шығып жатыр. Жергілікті қамту үлесі 100%-ды құрайды.

СТ РК ИСО 22000-2006 талаптарына сәйкес сертификатталған.

Кәсіпорында 8 адам еңбек етіп жатыр. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер