astana-view

«Қазақстанның үздік тауарын таңдайық»: «Қазфосфат» ЖШС

2016 жылғы 26 Қазан
5672 просмотров

2016 жылғы ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына үміткер

«Қазфосфат» ЖШС 1999 жылы құрылды, бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. Негізгі өндірістік қуаты Жамбыл облысында шоғырланған. Компания қазіргі уақытта химиялық өнімнің 20-ға жуық түрін шығаратын негізгі өндірушіге айналған.

«Қазфосфат» ЖШС – Қазақстан аумағындағы меншігінде фосфат шикізатын толығымен қайта өңдейтін кәсіпорны, тұтынушыларға өнім тиеп-тасуға мүмкіндік беретін өзіндік теміржол-көлік кешені бар бірегей компания.

«Қазфосфат» ЖШС құрамында қазіргі кезеңде фосфорит кенін өндірумен және қайта өңдеумен, сары фосфор және оның өнімдерін өндірумен, минералды тыңайтқыштар және азықтық фосфаттар өндірумен, сонымен қатар оларды теміржол арқылы тасымалдаумен шұғылданатын жеті филиалы бар.

Компания бүгінгі таңда АҚШ, Шығыс және Батыс Еуропа, Қытай, ТМД елдері нарықтарын белсенді игеріп жатыр. Ол ТМД және Еуропа елдері аумағында сары фосфор шығаратын жалғыз  кәсіпорын.

ЖШС көптеген республикалық және халықаралық көрмелер мен конкурстарға қатысушы болып табылады, ал зауытта өндірілетін сары фосфор жоғары сапасы үшін Испания өнеркәсіпшілері мен бизнесмендері қауымдастығының – «Алтын Арка», Данияның «Алтын Глобус», Мексиканың «Бриллиант Жұлдыз» атты беделді халықаралық жүлделерімен марапатталған.

6000 астам адам еңбек ететін кәсіпорын  ИСО: 500001:2011, 8000: 2001, 9001:2015, 14001:2015, 18001:2007 5 жүйесі талаптарына сәйкес сертификатталған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер