astana-view

«Қазақстанның үздік тауарын» таңдайық: «Stynergy» ЖШС

2016 жылғы 27 Қазан
4674 просмотров

Алматы облысы бойынша өткен «Қазақстанның үздік тауары-2016» көрме-байқауының «Алматы облысы Өңірлік кеңесінің таңдауы» арнайы  аталымының жеңімпазы

«Stynergy» ЖШС  – жабындымен қапталған жұқа болат орамаларын шығаратын көшбасшы кәсіпорын болып саналады.  Stynergy зауытында шығарылатын метал жабындыға қажет шикізат әлемнің жетекші металлургиялық комбинаттарынан сатып алынады. Олардың қатарында Dongbu Steel (Оңтүстік Корея) және Ruukki (Финляндия) бар. Темір жабынды шығаратын фин станоктары, бүгінде әлемнің үздік қондырғылары санатына жатқызылады.   

Аталған өнімді шығару барысында геометрияны сақтау маңызды болып саналады. Себебі, металл жабындылар шатырда қиюы көзге көрінбейтіндей, тұтас төсем сияқты жиналуы тиіс. Станокты жыл сайын Финляндиядан келетін мамандар техникалық сараптамадан өткізеді. 2012 жылы компания «Алматы облысының үздік өндірушісі» деп танылды. Қызметкерлер саны – 300-ге жуық. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер