astana-view

«Қазақстанның үздік тауарын» таңдайық: «Алатау-Құс» ЖШС

2016 жылғы 27 Қазан
7354 просмотров

Алматы облысында өткен «Қазақстанның үздік тауары-2016» өңірлік көрме-байқауы «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымының І дәрежелі дипломанты

«Алатау-Құс» ЖШС құс фабрикасы 2010 жылдың желтоқсанынан бері жұмыс істеп келеді. Компания қазіргі уақытта жылына 18 мың тонна ет пен 360 тонна шұжық өнімдерін шығарады.

Мұнда  850  адам еңбек етеді.

Кәсіпорында инкубациялық жұмыртқадан бастап дайын өнімге дейінгі толық өндірістік цикл жұмыс істейді. Циклге балапан өсіру, аналық құстарды ұстау, бройлер өсіру цехтары, екі инкубатор, жұмыртқа сақтайтын қойма, 10 000 тонна  дәнді-дақыл сақтайтын жем зауыты, 4 ангар-қойма, ет өндіру, шұжық цехы, зоозертхана, автокөлік цехы кіреді.  

Өнім барлық ірі сауда жүйелері мен супермаркеттерде қойылған. Құс фабрикасы жеткізу жүйесін  біртіндеп кеңейтіп келеді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер