astana-view

«Қазақстанның үздік тауарын» таңдайық: «Молдасанова Р.Б.» ЖК

2016 жылғы 01 Қараша
5701 просмотров

Алматы облысында өткен «Қазақстанның үздік тауары-2016» өңірлік көрме-байқауы бойынша «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымының IІІ дәрежелі дипломанты

Жеке кәсіпкер «Молдасанова Р.Б.» өз қызметін 2006 жылы бастаған. «Асқар-Тау» этно-мейрамханасының аспаздық тұжырымдамасы – дәмі тіл үйірер қазақтың ұлттық тағамдары болып табылады. Мейрамханада 350 адамға арналған банкет зал, 80 орындық дәмхана және Қазақстан бойынша көшпелі қызмет көрсететін «кейтеринг» қызметі бар.

«Кейтеринг» қызметін Астана, Алматы және алыс шетелдік клиенттер пайдаланады екен. Мейрамхана мемлекеттік іс-шараларда қызмет көрсетіп, 2011 жылғы Азия ойындары қонақтарын, ЕАЭБ, ЕҚЫҰ делегаттарын тағамдарымен таң қалдырған. «Асқар тау» тағамдары Испания королі Хуан Карлос 1-ші мен Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың екіжақты кездесуінде,  сондай-ақ Мадагаскар ханзадасымен болған жеке кездесуде дастарханға қойылған.

2016 жылдан бастап этно-мейрамхана базасында «Шоколадты жент» қазақ ұлттық тағамын шығару қолға алынған. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер