astana-view

«Қазақстанның үздік тауарын» таңдайық: «ERG Service» АҚ

2016 жылғы 08 Қараша
5321 просмотров

Павлодарда өткен «Қазақстанның үздік тауары-2016» байқауының жеңімпаздарының бірі

«ERG Service» АҚ көлік құрастыру зауытының павлодарлық филиалы Еуразиялық Топтың құрамына кіреді.

Жалпы және арнаулы мақсаттағы 140 тонна жүк көтере алатын көпір крандарын өндіреді, 50 тонна жүк көтеретін тіректік крандар мен әртүрлі мақсатта қолданатын металл конструкциялар жасап шығарады.

Сонымен қатар кәсіпорын стандарттан тыс құрылғылар жасап, жүк көтеретін жабдықтардың жөндеу жұмыстарын жүргізеді.

Павлодар көлік құрастыру зауыты өнімдерінің негізгі тұтынушылары – Қазақстан мен Ресей Федерациясының металлургия, тау-кен, құрылыс нарығы.

Кәсіпорынның сынақ зертханасы бар, ол металл бұйымдарға физикалық-химиялық талдамалар жасауға мүмкіндік береді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер