astana-view

АҚПАН: Қазақстан кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі институт құрылды

2016 жылғы 22 Желтоқсан
4714 просмотров

Бизнес-омбудсменнің 2016 жылғы жұмысының нәтижесі

Кәсіпкерлік кодекстің 28-бабына сай, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі Уәкіл тағайындалып, бизнес-омбудсмен институты құрылды.

Бизнес-омбудсмен аппаратының жұмысы орталық және өңірлік деңгейде де ұйымдастырылды.

2016 жылдың 5 сәуірі мен 20 маусымы аралығында бизнес-омбудсмен және оның аппараты бизнес-қауымдастықпен, Қазақстанның барлық өңірінің басшыларымен, прокурорларымен көшпелі кездесулер ұйымдастырып, іскерлік ортаның ахуалы, өңірлік деңгейдегі кәсіпкерліктің түйткілді мәселелері талқыланды. 

Сонымен қатар, омбдусмен, бірқатар министрліктердің бірінші басшыларымен, Жоғарғы сот және ҚР Бас прокурорымен кездесті.

Бизнес-омбудсмен институтын нығайту мақсатында 2016 жылы (1 қаңтар мен 31 желтоқсан) БАҚ бетінде 600-ден астам мақала жарияланды.

Бизнес-омбудсменнің ақпараттық сайты қызмет көрсетеді www.ombudsmanbiz.kz, ол 2016 жылы 20 мамырда іске қосылды. Биылғы жылдың желтоқсан айының соңында сайтты 20 000-нан астам адам қараған. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер