astana-view

Шағын несие шарапаты

2017 жылғы 03 Қаңтар
- Қостанай облысы
6376 просмотров

Өткен жылы алпыс үш адам «Атамекен Қостанай» шағын қаржы ұйымы» ЖШС-дан несие алды

Берілген несиенің жалпы сомасы 218,2 миллион теңгені құрайды.

Несие алудағы басты мақсат – мал шаруашылығымен айналысу. Облыс тұрғындары 90 миллионнан астам теңгені ірі қара мал, асыл тұқымды бұқалар, қойлар мен түйелер сатып алуға жұмсады. Ауылшаруашылық техникалары мен көліктерін сатып алуға – 46,6 млн теңге, бизнес-нысандарды салу мен қайта жөндеуге – 45,4 млн теңге, өзге де құрылғыларды сатып алуға – 36,1 млн теңге бөлінген.

Әулиекөл ауданында осындай несиенің арқасында жаңа сұлулық салоны мен екі аспаз орталығы ашылатын болды. Олардың біріне Зәуреш Молдабаева иелік етеді, ол несиесіне жекеменшік үй сатып алып, соны бизнеске лайықтап жөндеп шығуға жұмсады. Қаңтардан бастап осы жерден жаңа піскен тәтті нандар, тоқаштар, тұшпараның қамырларын сатып  алуға болады.

Ұзынкөл ауданында жартылай фабрикаттар даярлайтын жаңа цех ашылады. Таран және Федоров аудандарында берілген несиеге қоғамдық моншалар салынып жатыр. Несиеге сатып алынған құрылғылар ішінде, негізінен әйнек өңдейтін, зығыр майын алатын, құрылыс материалдарын дайындайтын агрегаттар бар.

«Несиені өзін-өзі ақтайтын және өміршең, түбінде аудандар мен моноқалалар тұрғындарына қызмет көрсететін, шағын бизнесте өзіндік орны болатын жобаларға бердік. Жаңа жобаларды іске асыру барысында өңірде 21 жұмыс орыны ашылды, 15 адам жеке кәсіпкер ретінде тіркелді», – дейді «Атамекен Қостанай» шағын қаржы ұйымы» ЖШС директоры Жамали Атжанов.

2016 жылдың наурыз айында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Еуразиялық банк және Қостанай облысының әкімдігі тұрғындарға жеңілдікпен несие беретін шағын қаржы ұйымын ашу туралы меморандумға қол қойған еді. Борышкерлер (облыс орталығының тұрғындарынан басқа) пайызсыз, 4%-дық комиссиямен, үш жылға дейін мерзіммен 15 млн теңгеге дейін несие алды


Еншілес ұйымдар

Серіктестер