astana-view

Қазан: «Мен Қазақстанды жақсы көремін» республикалық фотобайқауы

2016 жылғы 30 Желтоқсан
5726 просмотров

«Мен Қазақстанды жақсы көремін» фотобайқауының қорытындысы жарияланды. Фотобайқауды «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы елорданың Туризм қауымдастығымен және Қазақстанның Туристік агенттіктер қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырды.

Фотобайқаудың мақсаты – Қазақстанның туристік жерлерін насихаттау және өңірлердің туристік әлеуетін дамыту. Фотобайқау кәсіпқойларға, сондай-ақ фотоөнердің әуесқойларына өздерін танытуға және Қазақстанның бай тарихын, бірегей табиғатын, сондай-ақ өзіндік мәдениеті мен дәстүрін фотоаппарат обьективі арқылы көрсетуге тамаша мүмкіндік ұсынды.

Фотобайқауға 98 қатысушыдан 655 фотожұмыс келіп түсті. Қатысушылар қатарында кәсіпқой мамандармен бірге, әуесқой фотографтар да бар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер