astana-view

Тікелей эфир арқылы халықпен тілдесу

2017 жылғы 03 Наурыз
- Ақмола облысы

Еркебұлан Баяхметов «Қазақстан-Көкшетау» телеарнасында «жедел желінің» өзекті сұрақтарына жауап берді.. Спикер Өңірлік кәсіпкерлер палатасының 2016 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысын айтып, алдағы жоспарлар, жүзеге асырылмақ жобалар мен қолдау құралдары туралы баяндады.  «2016 жылы Өңірлік кәсіпкерлер палатасына бизнесті қорғауға байланысты 449 өтінім келіп түсті, оның ішінде 245 өтінім, яғни өтінімдердің 54% оң шешім тапты. Салық салу, жер қатынастары, архитектура, техникалық реттеу (сәйкестендіру сертификаттары), АӨК, тарифтер мен мемлекеттік сатып алулар сынды салаларда әкімшілік кедергілер анағұрлым көп. Өтінімдер саны жылдан жылға өсіп келеді. Бұл көрсеткіш халықтың Палатаға деген сенімінің артқанын айғақтайды», – деді  Палата директоры Еркебұлан Баяхметов.

Өңірде басқа да салаларда оң көрсеткіштерге қол жеткізілген. Палата жасаған сараптамаға сәйкес аудан бойынша бизнеске сервистік ( бухгалтерлік және заңдық қызмет көрсету) қолдау қызметіне сұраныс артқан. Қолдауға өтініш білдірген кәсіпкерлердің саны 2015 жылмен салыстырған 20%-ға өскен. Жалпы біздің кеңесшілеріміздің қызмет көрсетуіне тұрақты түрде жүгінетін 1600 шағын және орта бизнес субъектілері бар.   Мемлекеттік және ұллтық компаниялырдың сатып алуларында жергілікті кәсіпкерлердің атсалысуы Өңірлік палатаның басымдыққа ие бағыттарының бірі.  Өңірлік палата бастамасымен облыс әкімі басшылық жасайтын жұмыс тобы құралған болатын. Енді осы жұмыс тобы шын мәнінде «қол режимінде»  бас мердігерлердің – мемлекеттік сатып алуларға қатысушылардың ұсыныстарын орындап отыр.  

«Квазимемлекетттік секторын үнемі бақылауда ұстаймыз. Былтырғы жылы сарапшылар 15 млрд теңге сомасын құрайтын кәсіпкорындарына мониторинг жүргізді. 2016 жылдан бастап өңірде мемлекеттік- жеке меншік әріптестік қанат жайып келеді. Өңірлік палатада мектепке дейінгі білім беру саласы бойынша 5 жоба, тұрғын үй коммуналдық қызмету бойынша 4 жоба (тұрғын үй құырылыс қай құру, аранйы КҚО салы), денсаулық сақтау бойынша 2 жоба  қарастырылған», – деп атап өтті спикер.

Өңірге инвестицияларды тартудың бірден бір жолы ретінде  «Атамекен» ҰКП-мен әзірленген «Кәсіпкерліктің өңірлік даму картасын»  атуға болады. Бүгінде Картада 14 жоба бар, олар туралы толық ақпарат www.businessnavigator.kz сайтында орналасқан.  2016 жылдан баспа қытайлық инвесторларымен ынтымақтастық бойынша тығыз жұмыс жүргізіліп жатыр. Экспорт әлеуетін арттыру мақсатында биылғы жылы Еуропа мемлекеттерінің бірімен байланыс орнатылмақ.

Палата мақсаты басталған жобаларды аяғына дейін жеткізіп, бизнес бойынша құқықтық, сервистік қызметтерді арттыру. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында облыстың 5 ауданында 1 сәуірден бастап «Bastau Бизнес» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлерді оқыту науқаны басталады. Ақмола облысы бойынша туризм мен АӨК-ты дамыту жолында үлкен жоспарлар жасалған, бірінші кезекте ауылшаруашылық кооперативтерін құру мақсаты тұр.

 «Әр ауданда кем дегенде ӘКК құру көзделген. Айта кетейін, Палата қолдауымен өңірде 9 ӘКК құрылып, 15 ӘКК тіркеуге құжаттарын тапсырды. Қазіргі таңда "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" 3 дайындалған ӘКК ішінара қаржыландырды. Туризм саласын дамыту бойынша туристік ақпараттық орталықты құру жоспарда. Кәсіпорындар мамандарының біліктілігін арттыру мақсатында дуальді оқытуды енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде өндірістік оқытуға 700-ден астам студенттермен 701 келісімшарт жасалған. Кәсіпорындар мен колледждер арасында 17 келісімшарт жасалды, облыс колледждерінде 6 кәсіптік орталықтар ашылған, – деді Палата директоры.

Есеп барысында «жедел желі» арқылы көрермендер ӘКК, «Bastau Бизнес» мектебі бойынша өздерін толғандырған сұрақтарына толымды жауап алды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер