astana-view

«Bastau Бизнес» жобасы басталды

2017 жылғы 03 Наурыз

Кәсіпкерлік негіздері 14 облыстың 80 ауданында оқытылады

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Bastau Бизнес» бағдарламасының басталғандығын хабарлайды.

Бағдарлама ауыл тұрғындарын кәсіпкерлік дағдыларына, соның ішінде ауыл шаруашылық кооперативтерін құру принциптеріне оқытуға, сондай-ақ бизнес-жобаларды сүйемелдеуге бағытталған.

Ауыл тұрғындарын ­– жұмыссыздар (жұмыспен қамту орталығына тіркеуге тұру қажет етілмейді) мен өзін өзі жұмыспен қамтығандарды, өз бизнесін ашқысы келетіндерді, сондай-ақ бизнесін кеңейткісі келетін кәсіпкерлерді (тіркелген уақыты 3 жылдан аспауы тиіс) оқуға шақырамыз. Оқытудың нәтижесі – өз ісін ашу. Оқу ұзақтығы ­– 1 ай. Бағдарламаға қатысушыларға шәкіртақы төленеді.

Жоба 2017 жылы 14 облыстың 80 ауданында жүзеге асады. Курсқа қатысушыларды ай сайын жинайды.

Қызығушылық танытқандар Өңірлік кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалдарына/тұрғындарды жұмыспен қамту орталықтарына/ауылдық округ немесе елдімекен әкімдігіне жүгіне алады, сонымен бірге өтініш пен сауалнама толтырады. Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, мекенжай анықтамасы, дербес кредиттік есеп қағазы болуы керек.

 

Бағдарламаға қатысу үшін тестілеуден өту керек. Соның қорытындысы бойынша топқа іріктеу жүргізіледі. Тестілеу әр айдың басында, бір апта өткізіледі.

Тестілеу кестесі www.palata.kz сайтында, жергілікті басылымдарда орналастырылған, сондай-ақ 87172-919-300 телефонына хабарласып анықтауға немесе тұрғылықты жеріндегі құжат қабылдайтын орынға (жоғарыда көрсетілген) жүгінуге болады.

Облыс

Аудан атауы

1

Ақмола облысы

Бурабай, Атбасар, Бұланды, Ерейментау, Зеренді

2

Ақтөбе облысы

Уилский ауданы, Шалқар ауданы, Байғанин ауданы, Мұғалжар ауданы, Темір ауданы, Ырғыз ауданы

3

Алматы облысы

Еңбекшіқазақ, Қарасай, Жамбыл, Іле, Талғар, Райымбек, Панфилов аудандары

4

Атырау облысы

Құрманғазы, Қызылқоға, Индер, Махамбет аудандары

5

ШҚО

Үржар, Аягөз, Катонқарағай, Зырян, Зайсан, Тарбағатай, Шемонаиха аудандары

6

Жамбыл облысы

Қордай, Меркі, Шу, Тұрар Рысқұлов, Жуалы, Байзақ аудандары

7

БҚО

Зеленов, Ақжайық, Теректі, Қазталов, Жанғалы аудандары

8

Қарағанды облысы

Қарқаралы, Hұра, Осакаров, Абай, Бұхар-Жырау,

Ақтоғай, Шет аудандары

9

Қостанай

облысы

Қостанай, Әулиекөл, Меңдіқара, Қарабалық,

Федоров, Қарасу аудандары

10

Қызылорда

облысы

Шиелі, Қазалы, Арал,

Жаңақорған, Қармақшы аудандары

11

Маңғыстау

облысы

Бейнеу, Маңғыстау, Қарақия, Мұнайлы аудандары

12

Павлодар

облысы

Баянауыл, Қашыр, Шарбақты, Ертіс, Железин аудандары

13

СҚО

Тайынша, Уәлиханов, Мағжан Жұмабаев, Ғабит Мүсірепов атындағы, Ақжар аудандары

14

ОҚО

Сарыағаш, Мақтаарал, Сайрам, Ордабасы, Түлкібас, Қазығұрт, Төле би, Отырар аудандары

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер