astana-view

Шағын несие ­– кәсіпкерлікке демеу

2017 жылғы 07 Маусым
3698 просмотров

«Атамекен» ҰКП өңірлерде, әсіресе аулдық жерлерде шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында 6 облыста шағын несиелеудің пилоттық жобасын іске қосты

Қазіргі таңда бизнеске шағын несиелер  «Бизнестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламалары аясында және «ҚазАгро» холдингі арқылы беріледі.

Бұл бағдарламалардың тиімді қаржыландыру жағдайларына қарамастан, кәсіпкерлер кепілдікті қамтамасыз ету, қажетті құжаттардың көп болуы және жобаға қолдау көрсетудің жоқтығы сынды мәселер әлі де орын алған.

Жалпы, 2016 жылдың 1 шілдесіндегі дерекке сүйенсек, Қазақстанда 342 шағын несиелеу ұйымы қарқынды жұмыс атқарып отыр. Шағын несие нарығының тең жартысына жуығын «КМF» шағын қаржы ұйымы» ЖШС иеленуде. 2015 жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымы барлығы 120 млрд теңгеге 567 мың шағын несие берген.

Сонымен бірге, ауылдық жерлерді шағын несие қызметтерімен қамту төмен деңгейде қалып отыр. Ауылдық жерлерде тек 75 шағын несиелеу ұйымы белсенді жұмыс істейді.

Өз кәсібін жаңадан бастаған кәсіпкерлердің көбісі үшін жоғары пайыздық көрсеткіштер болғандықтан (жылдық орташа есеппен 40%) шағын несие ала алмай отыр.

Сол себепті, осы жылдың басында «Атамекен» ҰКП жеке инвестицияларды тарту  және жергілікті бюджет қаражатының есебінен Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай, Жамбыл және Маңғыстау облыстарында пилоттық жоба ретінде шағын несиелеуді бастады.

«Атамекен» ҰКП жүзеге асырып отырған шағын несиелеу тәсілдерінің артықшылығы – кепілдік беру бойынша икемділік, кепілдікті қамтамасыз ету, кәсіпкерлерді оқытудан бастап оларды жүзеге асыруға дейін бизнес-жобаларды қолдау, кооперация мүмкіндіктері және тікелей өткізу.

«Бүгінгі күні бизнесті қолдау бойынша маңызды құрал микронесиелеу болып табылады.  Бұл әсіресе, ауылдағы адамдарды жұмыспен қамтамасыз етудің ең жылдам және тиімді тәсілі», – деп атап көрсетті Тимур Құлыбаев. «Атамекен» басшысының айтуынша, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы шағын кәсіпкерлікті микронесиелеу бағдарламасын іске қосты. Бағдарлама аясында  паритеттік шартпен жекеменшік бизнестен де, жергілікті атқару органдарынан да 300 млн. теңгеден бөлінеді.

Шағын несиелер 16 млн теңгеге дейінгі сомада жылдық мөлшері 7%, салалық шектеулерсіз 5 жылға беріледі. Сондай-ақ шағын несиені алу үшін кәсіпкер бар-жоғы 5-6 құжат тапсырады. 

Бүгінде 6 облыстағы пилоттық жоба бойынша Шағын несиелеу ұйымдарына 3,467 млрд теңге көлемінде 699 микронесиеге қаржы бөлінген және 2544 жаңа жұмыс орны ашылған.

Қаржы ресурстарының негізгі бөлігі өсімдік шаруашылығы (21,3%), мал шаруашылығы (39,3%) және халыққа қызмет көрсету (18,7%) салаларына бағытталған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер