astana-view

Тимур Құлыбаев «Атамекен» ҰКП басшысы ретінде қайта сайланды

2017 жылғы 14 Маусым
7310 просмотров

«Атамекен» Съезінің делагаттары Тимур Құлыбаевты алдағы 4 жылға қайта сайлады

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Съезінің делегаттары бірауыздан Төралқа Төрағасы лауазымына Тимур Құлыбаевты қайта сайлады.  

Кездесу барысында Тимур Құлыбаевтың басшылығымен жүргізілген Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жұмысының тұрақтылығы мен кәсібилігі атап өтілді. Негізгі даму бағыттары бойынша жоспарланған мақсат-міндеттер жүзеге асырылып, нәтижелі жемісін көрсетті. «Атамекен» отандық кәсіпкерлікті қолдауға және дамытуға кедергі келтіретін мәселелер мен өзекті түйткілдерді талқылау мен шешуде бизнес пен билік арасындағы тиімді әрі салмақты байланыс алаңы ретінде қалыптасты.  

Өз кезегінде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы Тимур Құлыбаев бизнес өкілдеріне алғыс білдіріп, өзіне артылған сенімді ақтауға уәде берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер