astana-view

Өңірлерде бизнес-инкубаторлар құрылады

2017 жылғы 15 Маусым
6582 просмотров

Бизнесті қолдауға арналған мемлекет бағдарламалар бойынша оқытуды «Атамекеннің» еншілес ұйымы қолға алады

Мемлекеттік бағдараламалар бойынша оқыту үдерісімен «Атамекен» ҚР ҰКП еншілес ұйымы – «Біліктілік орталығы» айналысатын болады. Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Съезі барысында ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев хабарлады. Оның айтуынша Ұлттық палата «Бизнестің жол картасы-2020» бойынша сервистік қолдауды Қазақстанның 100 мыңнан астам кәсіпкеріне көрсеткен. Бұл тегін кеңес беру, біліктілікті көтеру және шетелден тағылымдамадан өту сынды қолдау түрлері. Агробіліктілік орталығында былтыр және биыл жалпы 16 мың фермер оқытылмақ. Орталықтан алған білімдерін ауыл шаруашылығы өндірушілері тәжірибеде тиімді пайдаланып жүр.

  «Жылдан жылға бизнесті қолдау жиынтығы кеңейіп келеді. Көп қызметтер түрі бірін-бірі қайталайды, осыған орай біз қызмет түрлерін жүйелеуді шештік. Біз «Атамекеннің» барлық қызметтерін бір арнаға салып, «Агробіліктілік орталығы» ЖШС атауын «Біліктілік орталығы» ЖШС атауына өзгертуді жөн көрдік», – деді Нұржан Әлтаев.

ҰКП Басқарама Төрағасы орынбасарының айтуынша барлық  оқыту бағдарламалар мен кеңес беруді бір арнаға біріктіру арқылы олардың қайталануын шектеп қана қоймай, сонымен қатар осы жұмыстарға бөлінетін қаржыны тиімді пайдалануға, бизнес пен халық арасындағы байланыс үдересін автоматтандыруға, білімі беру, сарапшылар, тренерлер және оқу әдістемелері бірыңғай базасын қалыптастыруға жол ашады.

 «Бюджеттік бағдарламаларды орындау бойынша міндеттемені еншілес ұйымға беру арқылы «Атамекен» өзінің негізгі қызметі – бизнесті қорғау мен қолдау жұмысына уақытын арнайды, сондай-ақ бұл бағдарламаларды орындауда әкімшілік қызметкерлерді ұстау бойынша шығынды азайтады. 2017 жылдың аяғына дейін өңірлердің ерекшеліктері мен бюджеттік көрсеткіштеріне сай Біліктілік орталығының тиімді құрылымын әзірлейміз деп жоспарлап отырмыз», – деді Нұржан Әлтаев.

Нұржан Әлтаевтің пікірінше Біліктілік орталығының тиімді жұмыс істеуі Өңірлік кәсіпкерлер палаталары базаларындағы бизнес-инкубаторларды құру және дамыту арқылы жүзеге аспақ. Орталықтарда кәсіп бастағысы келетін жандарды, кәсіпкерлерді және тәжірибелі кәсіпкерлерді оқытып қана қоймай, өнімділікті арттыру болсын, кәсіпорынды экспортқа шығару болсын соңғы межеге дейін сүйемелдейтін болады. Съезд делегаттары Біліктілік орталығын құруға бірауыздан дауыс берді.

«Атамекен» ҚР ҰКП Агробіліктілік орталығы базасында Біліктілік орталығын құру бойынша тұжырымдылық қадам» таныстырылым 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер