astana-view

«Қазақстанның үздік тауары» беделді арттырады

2017 жылғы 27 Шілде
- Астана қаласы
10261 просмотров

Астананың 9 компаниясы «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауына қатысады

Өңірлік іріктеу 4 шілде күні өтті. Елорданың 40 компаниясының ішіннен «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар», «Халыққа арналған үздік тауар», «Үздік азық-тлік тауары» аталымы бойынша 9 компания үздіктер қатарына ілікті. Олардың қатарында трансформаторлық қосалқы станция, құрылысқа арналған қоспа, металл құрылым, зергерлік бұйымдар жасайтын компаниялар бар.

Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының басшысы Ғани Тасмағанбетов барлық компания республикалық деңгейде жеңімпаз атануға әбден лайықты екенін атап өтіп, сапалы да пайдалы өнім шығарып отырғанын ерекше бағалады.

«ХАЛЫҚҚА АРНАЛҒАН ҮЗДІК ТАУАР»

1-орынды «Danmard» ЖШС иеленді. 2008 жылдың желтоқсан айынан бастап 2017 жылға дейін компания «КазПожСнаб» ЖШС деп аталды. Ребрендингтен кейін «DANMARD» ЖШС деп аталды. Әуел баста компания сауда-сатып алу қызметін атқарып келсе, уақыт өте өрт сөндірушілерге арнап қорғаныс киімін, орамал тігуді қолға алды. 2010 жылы алғашқы тауары шығарылды.

2012 жылы «Бизнестің жол картасы–2020» жобасының арқасында 1864 шаршы метр аумақ орын алып, жұмыскерлер санын арттырып, жаңа технологиялық жабдық сатып алды.Шығарылатын тауар сұрыпталымы да артты: әкери киім, арнайы керек-жарақты: рюзактар, жатын қаптары, жилеттер және т.б. тігуді бастады. 2016 жылы жаңадан екі цех іске қосылды: нәски-шұлық цехы мен металлфурнитура цехы.

2-орын – «International  gold group» ЖШС. Қымбат бағалы металл өндіру және сатумен, әсіресе эстетикалық алтын және күміспен айналысады.

Компания инвестицияның бірнеше түрін ұсынады: алтын құймасы, сынамасы жоғары, proof сапасындағы күміс пен алтыннан жасалған инвестициялық және коллекциялық тиындар, қымбат бағалы тастар мен Сваровски тастары немесе гауһар, інжу және өзге де әшекейлу тастар, сондай-ақ тұтынушының тапсырысына орай жеке үлгіде тиын жасау.

Монеталардың барлығына да кәдесый қаптамасында, жекелеген нөмірімен, мемлекеттік, орыс және ағылшын тіліндерінде тиражы, өлшемі, құйма сынамасы мен массасы туралы ақпарат жазылған сапа сертификаты беріледі. Бірақ капсулаға салынған инвестициялық алтын монеталардан басқасына.

3-орын – «Астаналық шұлық фабрикасы «БОТА» ЖШС. Қазақстанда 100% жүннен нәски-шұлық шығарумен айналысатын алғашқы кәсіпорын. Компания 2012 жылы ашылған. 2013 жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша «Жабдық алуға стартап» үшін жеңілдетілген несие алған. Италиялық өндірістің заманауи тоқыма жабдығы жоғары сапалы өнім алуға мүмкіндік береді. Еуропалық және отандық сапа стандартына сай. Италиялық өндірушінің жабдығыннан дайындалған жүн шұлық созылмайды.

Отандық нәски өнеркәсібінің басты артықшылығы – жіксіз, өкшесі мен басы нығыздалған, жұмсақ резіңке, қалпы мен түсі үзақ сақталады. Барлық өнім стандартқа сай дайындалған.

Фабриканың бас директоры Гүлсанат Мерқұлова «Қазақстанның үздік тауары» көрмесі нарықта компанияның танымалдылығын арттыруға сеп болатынын  ерекше атпа өтті. отандық өнім туралы ақпараттың кең таралуы үшін Қазастан бойынша республикалық тур өткізуді ұсынды.

«Қазақстанның әр аймағына танылғанын қалаймыз және өңірлерден де дауыс берілсе деген ұсынысымыз бар. Сонда көрме нағыз халықтық деңгейге жетер еді. Соның арқасында өнімнің сатылуы да артатын еді. Республикалық кезеңге қатысып жатқан компаниялардың көрмесін жыл бойы әр өңірде өткізуге болады», – деп ұсыныс білдірді Гүлсанат Мерқұлова.

«ӨНДІРІСТІК МАҚСАТТАҒЫ ҮЗДІК ТАУАР»

1-орын – «Астана электронтехникалық зауыты».

2012 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан компания еліміздің өнеркәсіп саласына қажетті электротехникалық жабдықтарды сапалы дайындаумен танылған. Кәсіпорын жыл сайын шығарылатын бұйымдар сұрыпталымын арттырып келеді. Бүгінде 60-қа жуық аталымы бар. Зауыт өнімдері сертификатталған, шығарылған жері мен сапасы туралы «СТ-KZ» сертификатын алған, зауыт «Самұрық-Қазына» АҚ тізіміне электротехникалық өнім шығарушы ретінде енгізілген. Зауыттан трансформаторлық қосалқы станциялар, жоғары вольтты ұяшықтар мен бөлу қалқандары мен өзге де бұйымдар дайындалады.

«Біздің зауыттың өнімдерін Астананың әр ауласынан табуға болады. Аурухана, мектеп пен тұрғын үй кешені салынып жатыр емес пе, сондықтан біздің бөлу қалқандарымыз барлық жерде тұр. Бүгінде Ресей, Еуропа елдері, Оңтүстік Корея мен Қытайға экспорттаймыз. Отандық үлесті арттыру үшін өзіміздің өндірісімізді құруды жоспарлап отырмыз. Зауытымызда қажетті бөлшектерді жасамақ ниеттеміз», – дейді «Астана электрлі техника зауытының» коммерциялық директоры Асылған Манатов.

2-орын – «Alit» ЖШС – Құрылысқа арналған құрғақ қоспаларды өндіреді. Бұл компания нарықта 1997 жылдан бастап жұмыс істейді. Бүгінде Астана мен Алматы қаласында орналасқан, 100-дей адам жұмыспен қамтылған. «ALIT» құрылысқа раналған құрғақ қоспалардың түр-түрін ұсынады. Оның сапасы еуропалық және ресейлік өнімдерден еш кем емес. Сылақ, тегістейтін желім, еден құю, қаптау материалдары – құрылыста ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстарында қолданылатын негізгі өнімдер. Өнім сапасының жоғарылығын халықаралық марапаттар мен алғыс хаттар дәлелдеу түседі.

3-орын – «Stahlbau» ЖШС«Stahlbau» металл құрылым зауытының жұмысы 2013 жылдан басталған. Қазақстан Республикасы үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Астана индустриалдық паркінде 3,8 гектар жерге зауыт құрылысы басталды. 2015 жылы зауыт пайдалануға берілді.

«ҮЗДІК АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАР»

1-орын «Сапа нан» ЖШС. Кәсіпорын 1965 жылдан бастап жұмыс істеген «Цесна-Астық» нан зауытының базасында 2015 жылдан бері жұмыс істеп келеді. «Цесна-Астық» нан зауыты «Концерн Цесна-Астық» ЖШС құрамында болған. Осы уақыт аралығында қайта жанданып, барлық жабдықтары жаңартылды.

2007 жылдың наурыз айында қарабидай-бидай ұнынан сопақ нан пісіретін, сондай-ақ бидай ұнынан нан, тілімделген батон мен қарабидай-бидай ұнынан домалақ нан пісіруге арналған технологиялық желі іске қосылды. Бұл желінің артықшылығы тоннельдік пеште пісіріледі. Жылыту үшін электро тоғы, сұйылтылған газ, дизелді жаңар май пайдаланылады. Бүгінде зауытта кондитерлік өнімнің 40-тан астам түрі дайындалады және нан-тоқаш өнімдерінің 70-тен астам түрі пісіріледі.

2- орын – «Нұр Әділ» ЖК – 2007 жылдан бері «Романовский продукт» сауда маркасымен тіркелген. Алғашында 50 шаршы метр болатын орыннан басталған кәсіп бүгінде 200 шаршы мерт аумаққа дейін өскен және 60-тан астам адамды жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпорын нан-тоқаш, кондитерлік және аспаздық өнімдерді пісіреді.

Компанияның басты ұстанымы – тұтынушының қауіпсіздігі. Кәсіпорында өндірістің санитарлық талапқа қатаң бақылау жүргізіледі. Жеке кәсіпкерлік зертханамен бірлесіп жұмыс істейді, әр ай сайын өнім түрлері тестілеуге жіберіледі. Шығарылатын өнімнің барлығында сәйкестік декларациясы бар.

3-орын – «Kazakh house» ЖК. Кәсіп 2007 жылы 5 бие мен құлын сатып алудан басталған. Ал 2008 жылы 16 бие сатып алынғаннан кейін қымыз дайындау ісі ұлғайды. 2012 жылы қымыз өндірісі жолға қойылып, бүгінде күніне 150 литр қымыз шығарылады.

P.S. Өңірлік іріктеу жеңімпаздары арнайы дипломдармен марапатталып, «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының республикалық кезеңіне жолдама алды.

Республикалық кезеңнен үздік атану Қазақстан бойынша танымалдылықты арттырады. Жеңімпаздар байқау белгісін 5 жыл қатарынан жарнамалық мақсатта пайдалана алады.

Еске салсақ, ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес, «Атамекен» ҚР ҰКП мен Өңірлік кәсіпкерлер палатасы 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауын ұйымдастырып келеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер