astana-view

NFC Kazakhstan «Алтын Сапа» байқауына жабдықталды

2017 жылғы 27 Қазан
- Павлодар облысы
4780 просмотров

Президент сыйлығына үміткер «NFC Kazakhstan» компаниясы тұрақты дамуға, өз имиджі мен бәсекелік қабілетін сақтауға ұмтылады

Компания Қазақстан нарығындағы қызметін 2005 жылы бастаған. Қызмет саласы түсті металлургия мен мұнай химиясындағы ірі жобаларды орындау жұмысындағы жобалау, сатып алудан бастап, нысан құрылысына дейінгі барлық процесті қамтиды.

2006-2010 жылдар аралығында «NFC» компаниясы бас мердігер ретінде бастапқы алюминий өндіретін «Қазақстан электролиз зауытын салды. Индустрия саласындағы алып зауытты мерзімінен бұрын аяқтауы әрі сапалы құрылыс жүргізуі компанияның ел нарығындағы жоғары беделін айқындады. Мұнымен қоса бас мердігер ретінде «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының» негізін қалауға атсалысты. Ол Павлодар қаласында мұнай коксын қыздыру зауытының құрылысына қатысқан.

Қызмет саласын кеңейту мақсатында мұнда компанияға менеджмент жүйесін енгізу, инфрақұрылымды дамыту, техникалық жабдықтау, маман саясаты мен қызметкер дайындауда ауқымды жұмыс атқарылды.

«Жаңа технологиялық тәсілдерді қолдану алға қойған міндеттерді орындауға мүмкіндік береді. Сондықтан компанияның бүкіл менеджмент жүйесін қолдау, дамыту және үнемі жақсарту міндеті компания дамуының басым бағыттарының бірі», ­- дейді «NFC Kazakhstan» ЖШС бас директоры Цин Цзинман.

Компания басшысының айтуынша, сапа, экология, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі менеджментінің біріктірілген жүйесі ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001 халықаралық стандарттарының талаптарына енгізілген. Сертификаттау аудитінде сарапшылар кәсіпорында қолданылатын қоршаған ортаны қорғау және еңбекті қорғау жүйесіне жоғары баға берді.

«Бұл жүйені енгізу халықаралық стандарттар талаптарына жауап беретін сапалы қызмет өндірісінің есебінен компания бизнесін тұтынушыға бағыттап, кәсіпорынның бәсекелік қабілетін арттыруға мүмкіндік берді», - деп атап өтті бас директор.

Кәсіпорында құрылыс зертханасының болуы – компанияның сенімділік негізі. Ол келіп түсетін шикізаттың, құрылыс материалдары мен дайын өнім сапасына мемлекеттік стандарт талабына сәйкестілігін бақылайды.

Биыл компания ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға үміткер. Бұл байқауда еліміздің озық кәсіпорындары өнім, қызмет сапасы мен өндірісті басқаруғады тиімділігі жоғары тәсілдерді енгізудегі айтарлықтай жетістіктері үшін үздік атану құқығына ие болу үшін бақ сынайды.

ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы жыл сайын өтеді. «Алтын сапа» сыйлығы үш аталым бойынша табыс етіледі: « Халыққа арналған тауар шығаратын үздік кәсіпорын», «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» және «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын».

Әр аталым бойынша шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерінің үздіктері анықталады. «Алтын сапа» республикалық байқауының аясында «Атамекен» ҚР ҰКП «Сапа көшбасшысы», «Үздік инновациялық жоба», «Үздік индустриялық жоба», «Азық-түлік тауарлары немесе ауыл шаруашылығы өнімін шығаратын үздік кәсіпорын» қосымша аталымдарын бекіткен.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер