astana-view

Орал сауда-өнеркәссіпкетік компаниясының жетістік формуласы

2018 жылғы 17 Мамыр
3873 просмотров

Жетістікті әрдайым айналып тұратын шеңбермен салыстыруға болады, ол әрдайым қозғалыста болуы керек. Уақыт пен мүмкіндікті жіберіп алмас үшін оны мүлдем тоқтатуға болмайды

Кез келген кәсіпорынның тұрақты дамуына айтулы байқауларға қатысу үлкен серпін береді. Орал сауда-өнеркәсіп компаниясының тәжірибесі осыған дәлел бола алады. Заманауи көп салалы кәсіпорын талай рет жеңімпаз атанып, лайықты бағаға ие болған.

2014 жылы Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі байқауында «Экологияға қосқан үлесі үшін» аталымында 3-орынды иеленді. Үш жыл қатарынан «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының «Халыққа арналған үздік тауар» аталымын жеңген. Былтыр табысты кәсіпорындарды қолдауға арналған «Іскер» арнайы сыйлығын иеленді. Орал сауда-өнеркәсіп компаниясының директоры Валерий Крылов осы және өзге де жетістіктерін атай отырып, мұның барлығы да басшы ретінде өзінің ғана жетістігі емес екенін атап өтті.

Отандық ірі компанияның негізі 15 жыл бұрын қаланған, шағын ғана цехтен бастау алған. Сол уақытта да сапаға басымдық берген компанияның кәсіби ұжымы жаңашылдыққа құмар.

Мұнымен қоса зауытта нағыз шеберлер жұмыс істейді. Олар шетелдік жабдықтың әрбір бөлшегіне дейін түсініп, қолдана алады. Бүгінде кәсіпорын негізгі үш бағытты – полиэтиленді құбыр шығару, халық тұтынатын тауарларды өндіру мен монтажды қолға алған. Соңғысын былтырдан бастап иегерді. Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы Құлшық жер асты суларының орнынан бастап Жаңақала ауданының орталығына дейін су құбырын салады. Жоба 2019 жылға дейін есептелген.

«Ол жақтағы судың сапасын әлі де жақсарту керек. Нысанды мерзімінен бұрын тапсырамыз деп ойлаймын. Бұл біз үшін табысты аған емес, имидждік жоба. Біз өнім өндіріп қана қоймай, монтаждаумен де айналыса алатындығымызды көрсеткіміз келеді. Нәтижесінде тұрғындарға таза ауыз су жеткіземіз», – дейді Орал сауда-өнеркәсіп компаниясының басшысы Валерий Крылов.

ҚР Президентінің шешімінен Астанаға газ тарту бағдарламасы басталды. Бұл бағдарламаға Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы да қатысады әрі кәсіпорын үшін ашылған жаңа бағыттың бірі. Қазіргі таңда бірқатар мәселелер талқыланып, инновациялар зерттелуде. Бұл бағытта отандық өндіруші айтарлықтай алда.Былтыр америкалық, англиялық, швед және неміс мамандарымен жаңа материал – қысымы төмен, тығыздығы жоғары полиэтиленді сынақтан өткізген. Бұл қызуға шыдамды полиэтилен квартал аралық ыстық су мен жылуды жеткізуге арналған.

«Бұл инновациялық өнімді заманауи технологиялар мен біздегі жабдықтың көмегімен жасап шығардық. Бұл өнімнің келешегі зор. Енді басқа бір марканы сынақтан өткізуді қолға алдық. Зауыттан қалыңдығы мен диаметрі дәл сондай мүлдем жаңа материал шығарылады, бірақ жоғары температураға әлдеқайда төзімді болмақ. Бұл полипропиленнен қорғайтын қабаты бар сары құбыр, ол сыртқы факторлар – ұсақ тас, жартасты заттар мен топыраққа төзімді болмақ. Бұл құбырды пайдалану әлдеқайда арзанға түспек. Монтаждау да тез, жарамдылық мерзімі де ұзақ», – деп жаңалығымен бөлісті Орал сауда-өнеркәсіп компаниясының басшысы.

Бүгінде компания ыстық және суық суға, газ тартуға және жылу жүргізуге арналған диаметрі 20-дан 1600 мм дейін полиэтиленді құбыр шығарумен айналысады. Олардың пайдалану уақыты 50 жылға арналған. Кәсіпорынның өндірістік қуаты – жылына 30 000 тоннаға дейін полиэтиленді қайта өңдей алады. Өнім 6 құбырлық желіде шығарылады. Орал сауда-өнеркәсіп компаниясының өнімдері республикаға ғана емес, ТМД елдеріне де жеткізіледі, сондай-ақ алыс шет елге де тасымалданады.

«Жүзеге асырылған жобалардың барлығы да өз кезегінде жеңіл көрінген. Бірақ Мао Цзедун айтқандай, «жүзіп үйрену үшін жүзу керек». Әркімнің жетістікке жететін өз жолы бар. Қазіргі таңдағы ауқым да, кеңістік те жаңа, ал кешегі қиындық жеңіл көрінеді. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы Энергетика комитетінің мүшесі ретінде ісіммен де, сөзіммен де табысқа жетуге көмектескім келеді. Палатада бизнес-жаттықтырушылар бар, олардың атқарған ісі айтарлықтай үлкен. Сондықтан қарап қалмай, болашақтың жолын салу керек. «Атамекен» баршаны осыған жетелейді», – деп атап өтті зауыт директоры Валерий Крылов.

Бизнесте нық қадам жасаған кәсіпкерлердің әлі де дамуына беделді байқаулар серпін береді. Бұл жетістікті тағы бір рет бағалаудың мүмкіндігі. Даму жолына тағы бір көз тастап, бәсекелестерді зерделеп, тәжірибе алмасуға жол ашады.

Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы биыл ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын иеленуге үміткер. Сонымен қатар «Қазақстанның үздік тауары» байқауына да қатысады. Компанияға әуелі атақ емес, ең бастысы халықтың көңілі мен мойындауы қажет. Көп салалы кәсіпорын сапалы жұмыстың нәтижесін осылайша дәлелдейді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер