astana-view

Сұранысқа ие мамандықтарға сараптама жүргізу керек – Эльдар Жұмағазиев

2018 жылғы 22 Мамыр
3932 просмотров

Бұл туралы Ақтөбе облысы өңірлік кеңесінің отырысында «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев айтты.

Қысқа мерзімді оқыту курсы Ақтөбеден басталған.

«Бағдарлама идеясы дәл осы жерде туындады. Біз Ақтөбеде бизнес өкілдері мамандарды өз бетімен оқытып отырған кәсіпорындарға бардық. Мұндағы себеп, олар кәсіби-техникалық білім беру бағдарламасы аясында оқытудың сапасына көңілдері толмаған еді», – деді Эльдар Жұмағазиев.

«Атамекен» идеяны реттеп, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне таныстыра білді. 2017 жылдың 1 шілдесінде Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдармаласы қабылданды. Ол үш бағыт бойынша жүзеге асырылады, соның бірі – кәсіпорындарда қысқа мерзімді оқыту курсы. Былтыр бағдарлама бойынша 4 792 адам білім алды. Бүгінде республикада 189 оқыту орталықтары ашылды. Эльдар Жұмағазиев бағдарламаның артықшылығы – өз кәсіпорындары үшін мамандарды өз беттерімен дайындауда.

«Қазақстанның бір облысында шағын трансформатор цехы бар, онда трансформатор құрастырушыларды дайындайды. Мұнымен қоса, кәсіпорын өзіне қажетті маманды өзі дайындауды қолға алған. Бизнесмен бұл жайтты кәсіпорында заманауи жабдық қойылғанын, оның жүзеге асырып, экспорттап отырғанымен түсіндірді», – деп мысал келтірді Эльдар Жұмағазиев.

Колледжде практикалық сабақта пайдалану үшін 1970 жылы шығарылған трансформатор тұр. Кәсіпкер түлектердің заманауи трансформатордың жұмыс істеу механизмін білмейді. Жабдық әрдайым жаңарып отырады, бір жылда бес рет жаңаруы мүмкін. Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасының артықшылығы – кәсіпкерлер мен болашақ мамандарға кеткен ақша шығыны өтеледі. Алыстан келгендер үшін тұратын орынның шығыны төленеді, ал жұмыссыздар мен өзін өзі жұмыспен қамтығандар стипендия алады.

Осылайша Басқарма мүшесі Эльдар Жұмағазиев кәсіби-техникалық білім беру бағдарламасы бойынша маман дайындауға жыл сайын миллиардтаған ақша бөлінетінін, алайда жұмыс берушілердің маман сапасына көңілдері толмайтынын айтты.

«ҚР Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік тапсырыс беру ережелері туралы бұйрығы бар. Қазір «Атамекен» осы ережеге түзету енгізуді ұсынды», – деп пікірі білдірді Басқарма Төрағасының орынбасары.

Кәсіпкерлер палатасы қаржылай есеп беру кезінде колледжер соңғы 2-3 жылда түлектердің жұмысқа орналасуы туралы мәліметті беру бастамасын көтерді. Мәліметтер негізінде «Атамекен» ҰКП база жасап, жұмысқа орналасушылардың пайызына талдау жасайды. Эльдар Жұмағазиев еңбек нарығында таңдап алынған мамандықтың да, колледждердің материалдық-техникалық базасы маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар Ұлттық палата отандық нарықта анағұрлым талап етілетін мамандықтарды анықтаудың сараптамасын жүргізеді.

«Оқу бағдарламалары орталықтарының мәселесін көтерген маңызды. Биылдан бастап жоғары оқу орындарының рейтингін жасаймыз. Бүгінде «Атамекенда» кәсіби-техникалық білім беру бағдарламаларын бағалау мәлімет бар. Бағдарламаның келешегі зор, жыл соңына дейін 300 компанияның өз еркімен маман дайындау бағытымен қамтуды жоспарлап отырмыз». – деп тұжырымдады Эльдар Жұмағазиев.

Мұнымен қоса, «Атамекен» кәсіпкерлік және бизнес негіздеріне қатысты бағдарлама дайындады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер