astana-view

«Қазақстанның үздік тауары» атағын немесе ұлттық сапа брендін қалай иеленуге болады?

2018 жылғы 14 Маусым
- Солтүстік Қазақстан облысы
4354 просмотров

«Қазақстанның үздік тауары» немесе «Алтын сапа» байқауларына қатысудың негізгі талаптары туралы Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлеріне түсіндірілді

Петропавлда үздік сарапшы-аудиторлар «Алтын сапа» және «Қазақстанның үдік тауары» байқауларына қатысушыларға арнап семинар өткізді.

Семинар жұмысын ашқан өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Дархан Қалиев байқауға қатысу кәсіпорынның мықты және осал тұсын анықтауға, танымал етуге, жарнамаға жасауға, тұтынушы қатарын арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«2018 жылы ұлттық палатаның бастамасымен «Алтын сапа» байқауын ұйымдастыруда өзгерістер енді. Ауыл шаурашылығы және азық-түлік өнімдерінің өндірісіне арналған жаңа аталым енгізілді. Мұнымен қоса, арнайы екі аталым – «Үздік индустриялық жоба» ж»не «Үздік инновациялық жоба» қосылды. Байқау жеңімпаздарына 450 айлық есептік көрсеткіш түрінде ақшалай сыйлық беріледі», – деді дархан Қалиев.

Семинарға Павтропавл қаласы мен облыс аудандарынан 30-ға жуық адам қатысты. Олардың қатарында жергілікті іскерлік орта мен мемлекеттік органдардың сарапшылық топқа кіретін өкілдері бар.

«Біздің кәсіпорын нарықта 25 жылдан бері жұмыс істейді. Пластмасса мен металдан жасалатын бұйымдарды шығарып, азық-түлік өнімдерін дайындайы. «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» байқауларына қатысамыз. Жеңістен үміттіміз», – дейді «Радуга» ЖШС қаржы директоры Ирина Демидова.

Аталған байауларда тағы да бақ сынау үшін М.Жұмабаев ауданындағы «Пасека семьи Пилипушко» шаруа қожалығы қатысуға ниет білдірді. 1985 жылдан бері бал өндірумен айналысатын шаруашылықта 200-ге жуық бал арұясы бар.

«Былтыр «Қазақстанның үздік тауары» байқауына қатыстық, бірақ жеңімпаз болмадық, бәсеке күшті болды. Биыл да қатысқымыз келеді. Орын алған қателіктерді түзедік, жеңеміз деген ойдамыз», – дейді қожалық басшысы Ярослава Пилипушко.

Семинар форматында сарапшылардың дайындығы мен біліктілігін арттыруға консультативтік-әдістемелік көмек көрсету, Еуропалық сапа менджементі қоры мен ТМД сапа сыйлығы байқауларының үлгісін зерттеу қарастырылған.

Семинар барысында кәсіпкерлер де, сарапшылар да осындай байқауларға қатысу отандық тауар өндірушілерді ынталандырып, тауар, қызмет сапасын арттыруға әсер етіп, бәсекеге қабілеттілікке әсер етеді. Семинар аяқталған соң қатысушыларға сертификат табыс етілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер