astana-view

Петропавлда үздік өндірушілер анықталады

2018 жылғы 03 Тамыз
2591 просмотров

Петропавлда жыл сайынғы «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы өтуде, байқауға 40 жергілікті тауар өндіруші қатысып жатыр

Биыл көрмеге тәжірибесі мол кәсіпорындар мен нарықта енді танылып жатқан кәсіпкерліктердің өнімін көруге болады. Көрме барысында келген қонақтар тауарлардың сан алуандығын көріп, ұнаған тауарды сатып алып қана қоймай, ұтыс ойынына қатысып, концерттік бағдарламаны тамашалайтын болады.

 Жыл сайын «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы үш аталым бойынша өтеді: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар», «Халыққа арналған үздік тауары» және «Үздік азық-түлік тауары». Сарапшылық комиссия бүгін 9 үздік компанияны анықтауы керек.

 Ал 4 тамыз күні өңірлік көрме-байқау Қызылорда облысында өтеді. Ауқымды іс-шара Қызылорда қаласының Орталық алаңында өтеді.

 Бүгінде Қазақстан бойынша 13 өңірлік байқау өтті, 117 жеңімпаз анықталды. Жуырда 16 тамыз күні Маңғыстау облысында, 9-10 тамыз күндері Алматы қаласында көрмелер өтеді.

 Айта кетелік, көрмеге тәжірибелі тауар өндірушілер ғана емес, сондай-ақ кәсібін енді қолға алған әрі өнімі сұранысқа ие кәсіпорындар да қатысуда. Байқау қатысушыларға бәсеке қабілетті болуда, өнімді өткізуде, танылуда орасан мүмкіндік беріп отыр.

 Өңірлік байқаулар жергілікті әкімдіктермен бірге ұйымдастырылып, «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының бірінші кезеңі болып табылады. Ары қарай жеңімпаздар «Қазақстанның үздік тауары» республикалық деңгейге және  «Қазақстанда жасалған» көрмеге қатысады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер