astana-view

Алматыда жасалған көшпелі бизнес

2018 жылғы 03 Тамыз
- Алматы қаласы
10306 просмотров

Автокөліктегі үй, қонақүй, дүкен, кафе тек америкалық кинода болады деп кім айтты? Мұндай фудрактарды Алматы қаласында өндіретін бүтін кәсіпорын бар. Тапсырыс клиенттің сұрауына қарай – көшпелі мейрамхана, үй, медициналық бөлімше және басқа да нысан бойынша жасалады. Біз өндірісіке барып, барлығын көзбен көріп қайттық.

«Әр шығарылған жаңа трейлер орта есеппен 15 жұмыс орнын құрып отыр. Біз Қазақстанда «SPUTNIK Тrailers» брендімен бизнес жүргізуге арналған, қызмет көрсету мен туристтік нысандарда баруға болатын көлік тіркемелерін жасайтын жалғыз кәсіпорынбыз», – деді «Алматы автотіркеме зауыты» ЖШС коммерциялық директоры Айдар Сауранбаев.

«Алматы автотіркеме зауыты» ЖШС 2016 жылы ғана құрылған. Бүгінде бұл кәсіпорын отанды нарықта ойып тұрып орын алып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Тартымды  әрі көпфункциялы вагонның артында үлкен ұжымның – дизайнерлер, мамандар мен инженерлердің еңбегі жатыр. Әр трейлерді жекелей клиент сұранысын ескере отырып жинаймыз. Бұл мобильді тамақтану орталығы болуы мүмкін, мұндай трейлерге арнайы ас үй жабдығын және бөлек генераторды қондырамыз, осылайша кәсіпкер бизнес жүргізгісі келетін жергілікті жерге тәуелді болмайды. Егер клиент сұлулық салоны, химиялық тазалау, кафе-бар, дөңгелек жөндеу, наубайхана немесе бас да нысан ашқысы келсе, біз егжей-тегжейлі сызба арқылы ішіне бәрін – дәретханадан бастап, жуынатын бөлмеге дейін орнатып береміз», – деді Айдар Сауранбаев.

 Сауда жабдығы да зауытта өндіріледі және орнатылады. Компания үстел үсті тақтайы, тоңазытқыш ветриналар, шкафтар, есіктер мен басқа да заттарды шығарады. Бастысы – трейлер толық дайын болып ұсынылады.    

 Айдар Сауранбаевтың айтуынша, зауытта заманауи материалдар мен конструкциялық шешімдер ғана қолданылады, мұнда ыңғайлы сервистік бағдарлама құрылған. Соның арқасында клиент бізге жабдықтарды және қызметтерді пайдалану мәселелері бойынша кез келген уақытта хабарласа алады, сонымен қатар мұнда клиентке трейлерді бизнес қажеттіліктеріне қарай бейімдеуге мүмкіндік беретін қызмет модификациясы бар. Мәселен, жазда балмұздақ пен салқындататын сусындар сатуға болады, ал қыста ыстық кофе мен пицца сату тиімді. Сондай-ақ, фудракта көшпелі медицианлық қызмет көрсетуге болады. Ауыл-аймаққа барып медицина көмегін көрсету қажетті қызмет болар еді.

 Биыл компания «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауына алғаш рет қатыспақ. Сәттілік тілейміз!  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер