Бүгін-офф-тейк келісім-шарт, ертең-кепілді өткізу
«Атамекен» ҚР ҰКП алаңында «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС Бас директорының орынбасары Теміржан Әбдірахмановтың қатысуымен Ұлттық палатаның Басқарма төрағасының орынбасары Қуаныш Бишімовтың төрағалығымен Өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі жобалық кеңсенің жұмыс тобының кеңейтілген отырысы өтті.
Кеңеске өндірісті дамытуға мүдделі отандық компаниялар және «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ (ҚТЖ, ҚазМұнайГаз, KEGOC, Самұрық-Энерго, БХК және т.б.) ұлттық компаниялары атынан әлеуетті тапсырыс берушілер қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, ҰКП мен Қор арасындағы өзара іс-қимыл туралы келісім аясында көпжоспарлы жұмыс жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күні квазимемлекеттік секторды сатып алу отандық тауар өндірушілерге: ОТП басымдығы, қабылдау-тапсыру және ақы төлеу актілеріне қол қою мерзімін регламенттеу, ОТП арасындағы сатып алудың категориялық стратегиясы, ұзақ мерзімді келісімдерді өзекті ету, оффтейк-келісім-шарттарды жасасу мүмкіндігі бар. Сатып алу ережелеріне тиісті өзгерістер мақұлданды, олардың келесі айда күшіне енеді деп күтілуде.
«2018 жылдың қараша айында алғашқы оффтейк-келісім-шарттар жасалды. Бүгін біз 10-нан астам ұсынысты қарастырамыз. Бұл «нөлден бастап» жобалары да, даму кезеңінде де, тәжірибелік үлгілер алу кезеңінде де. Оффтейк ұсынатын тапсырысты қамтамасыз ету кепілдігі ОТП үшін маңызды фактор. Сонымен қатар, «кредиттелу» мәселесін ескере отырып, Ұлттық палата қазіргі уақытта банктердің оффтейкті кепіл базасы ретінде қабылдау мүмкіндігін қарастыруда», - деп атап өтті Қуаныш Бишімов.
«Оффтейк жасау мүмкіндігінің арқасында кем дегенде 3 жылға «Самұрық-Қазына» Қорының жаңа өндірістерін дамыту бағдарламасы айтарлықтай жанданды. Бұл ретте Бизнес бәсекеге қабілетті бағалар мен отандық өнімнің сапасына қол жеткізу бойынша міндеттемелерді өзіне алады. Бүгінгі таңда Қордың барлық компанияларында жеке сатып алуды талдау негізінде қазақстандық бизнес үшін әлеуетті тауашаларға ұсыныстар беретін комиссиялар құрылған», - деді Теміржан Әбдірахманов.
Кеңес барысында сутегі пероксидін, электр қозғалтқыштарын, ұзын өлшемді рельстерді тасымалдауға арналған құрамдарды, рельсті бекітпелерді, IT-жабдықтарды, композиттік жарықтандыру тіректерін, мұнай-газ секторына арналған бұйымдарды және т. б. өндіруді ұйымдастыру бойынша жобалар қаралды.
Қорытындыларға келсек, оффтейк-келісім-шартты одан әрі жасасу үшін қарастырылатын өнімнің талап етілетін көлемі мен техникалық сипаттамаларын нақтылауда уағдаластыққа қол жеткізілді. Бірқатар тауарлар бойынша сұраныс кепілдігінің басқа тетіктерін қолдану туралы шешім қабылданды (ұзақ мерзімді келісімдер, сатып алудың категориялық стратегиялары, салалық бағдарламалар).
Жобалық кеңсенің жұмыс тобы тұрақты негізде жұмыс істейді және бизнесті ынтымақтастыққа шақырады.
Кеңес барысында сондай-ақ Ұлттық палата мен Қордың бірлескен жұмысының басқа да бағыттары баяндалды.
«2018 жылы 60 млрд.теңгеден астам сомаға 610 ұзақ мерзімді шарт мерзімі аяқталды. Бұл құбырлар, сорғылар, майлар, шпалдар, кабель және т.б. ҰКП Самұрық-Қазынамен бірлесіп, бизнестің қарама-қарсы міндеттемелері кезінде жаңа форматта «ұзақ мерзімді» жасасу мүмкіндігін нақты пысықтап жатыр. Цифрландыру, сапаны арттыру және т.б.», - деп атап өтті «Атамекен» ҚР ҰКП төрағасының орынбасары Қуаныш Бишімов.
Қосымша ақпарат үшін «Атамекен» ҚР ҰКП Өңдеу өнеркәсібі Департаментіне хабарласуға болады, тел.: +7 (7172) 919-300 (ішкі номер 1738), e-mail: t.usseyev@atameken.kz
Пікір қалдыру:
Пікірлер: