astana-view

«Атамекен» жанынан «Қарапайым заттар экономикасы» жобалық алқасы іске қосылады

2019 жылғы 18 Наурыз
12890 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында Басым жобаларды жеңілдікпен несиелеу бағдарламасының жұмысын мониторингілеу бойынша Жобалық алқа құрылады

Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында мәлімдеді.

Алқа жұмысына «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ, Қазақстан Қаржыгерлері қауымдастығы, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ өкілдері және кәсіпкерлер жұмылдырылады.

«Алқа бизнес жобаларына бизнес-жоспарды әзірлеуден бастап қаржыландыруға дейінгі сүйемелдеуді жүзеге асыратын болады. Жобаларға үнемі мониторинг жүргіземіз, банктер несиелеуден бас тартуының себептерін анықтап, жобаларды қолдау бойынша жаңа механизмдерді ұсынамыз. Кәсіпкерлерге қолдау шарттарын тұрақты түрде түсіндіретін боламыз», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов.

 Жобалық алқасының алғашқы отырысы 2019 жыл 26 наурызда ҰКП базасында өтеді деп күтілуде. Ал облыс деңгейінде алқа Өңірлік кәсіпкерлер палаталары жанынан жұмыс істейді. Алқа жұмысына әкімдіктер, банктер, «Даму» қоры филиалдарының өкілдері қатысады. Жиындар апта сайын өтпек.

Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстан Үкіметі халық тұтынатын тауарларды, сондай-ақ шикізат және бастапқы өңдеу өнімдерін өндіруді қолдау үшін 600 млрд теңге бөлді. Атап айтқанда, бұл қаражат өңдеу өнеркәсібі, агроөнеркәсіп кешенін дамыту мен қолдауға бағытталады.

 Айта кетелік, Бағдарлама аясында дайын өнім өндірісіне ғана емес, сондай-ақ қажетті шикізат және бастапқы өндеу өнімдерін шығару (мәселен, қант қызылшасы – қант –кондитер өнімдері) сонымен қатар ары қарайғы өткізуге қолдау көрсетіледі. Кешенді жұмыс жаңа өндірістерді құру, қолданыстағы кәсіпорындарды қосымша жүктеу және модернизациялауға мүмкіндік береді, деп атап өтті спикер.

 «Мемлекеттің қаржыландыруды инвестцииялық мақсатқа және айналым қаражатты 50%-дық тең негізде толықтыру туралы шешімі – орынды. Естеріңізге салсақ, «Атамекен» былтыр 2 мың объектіге поспорттау жүргізді. Өкінішке қарай өңдеу өнеркәсібінің жұмыс істеп тұрған  кәсіпорындарының жүктеме деңгейі орташа есеппен 50%-дан аспайтынын байқауға болады», – деді ҰКП Басқарма Төрағасы.

  ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр импортты алмастыруды дамыту үдерісіне белсенді атсалысуы үшін Ұлттық кәсіпкерлер палатасына алғыс білдірді.

 «Біз Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірігіп, Жол картасын әзірледік, және бизнестің қызығушылық танытқанын көріп отырмыз. «Атамекен» алаңында Жобалық алқаны құру туралы шешім қабылданды, онда Абылай Мырзахметов екеуміз жұмысқа өзіміз қатысып, бағдарламаны жүзеге асыру барысы туралы жұртшылықты хабардар етіп отырамыз», – деп мәлімдеді Роман Скляр.

 Несиелеу шарттары бойынша қарыз беру мерзімі 9 жылды құрайды, қарыз алушылар үшін сыйақының атаулы ставкасы – «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберіндегі ставканы субсидиялау есебінен 8%-ға тең.

 Қазіргі таңда Бағдарлама жұмысына екінші деңгейлі 8 банк қосылды. Қаржыландыруға қол жеткізу үшін кәсіпкер банкке өтінім жіберіп, бағалау және мақұлдаудың қажетті процедурасын өтіп, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорына жүгіну қажет.

 Жалпы Бағдарлама 2025 жылға дейін тауардың 365 түрі бойынша өндірісті 2,4 есеге ұлғайтуға, сонымен қатар импорттың үлесін 37%-ға қысқартуға мүмкіндік береді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер