astana-view

«Атамекен» қолдау орталығы 8 113 азаматты жұмыспен қамтыған

2020 жылғы 24 Шілде
4229 просмотров

Елімізде «Атамекен» қолдау орталығы» жұмысын бастағанына 1 жыл! Осы уақыт аралығында мобильді орталық 8 мыңнан аса азаматты жұмыспен қамтыған.

Ал 220 мың адамға қызмет көрсетіп, кеңес беріп үлгерген. Аз уақытта орталық 35 мың адамның жеке қабілетін дамыту бағытында жұміс істеп, 2000-нан аса жұмыс берушімен байланыс орнатқан.

Әзірге Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Жамбыл облыстарында 30 мобильді орталық жұмыс істейді. Жоба жемісін берсе өзге аймақтарда да ашу жоспарда бар. Негізі, жобаның басты міндеті – жұмыссыз халықпен байланыс орнату және жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету. Жұмыстар «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, сондай-ақ жергілікті әкімдіктердің бірлесуімен жүзеге асырылуда.

«Бұл орталық – Президент және Үкіметтің тапсырмасы бойынша «Атамекен» ҰКП-ның бірлесіп атқарып жатқан кешенді шаралардың бірі. Мақсат – халыққа жақын болу, қандай қолдау бағдарламалары барын түсіндіру. Бүгінде «Атамекен» ҰКП үлкен жұмыс атқаруда, көптеген бағдарламалар жүзеге асып жатыр. Бастысы, қолжетімділік, ақпараттың ашықтығы, жұмыс берушілердің жауапкершілігін күшейтуді қамтамасыз ету», – дейді Палатаның Басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев.

Жобаның басты ерекшілігі – «Атамекен» қолдау орталығы» командасының жұмыс істейтін форматы десек те артық айтқандық емес. Өйткені, қызметті 4 менеджер және 1 жеке қабілетті дамыту кеңесшісі көрсетеді. Осы орайда, қызметкерлер проактивті режимде жұмыс істейтін болады, яғни адамдарды орталықта қабылдап қана қоймай, үнемі халық арасына шығу, көпшілік шоғырланған жерлерді аралау, жұмыспен қамту мәселелері бойынша қолдау құралдарын ұсыну көзделген.

«Орталықта бос жұмыс орындарының базасы бар, база жұмыс берушілерге жүргізілген сауалнама негізінде құрылған. Біз адамның бойындағы қабілеті мен біліктілігіне қарай базадан лайықты жұмыс іздеп, ұсынамыз. Егер ұсынысқа қанағаттанса жұмысқа орналаса алад. «Атамекен» қолдау орталығының әрқайсысында жеке қабілетті дамыту кеңесшісі жұмыс істейді, маман анағұрлым лайықты мамандықты анықтау үшін тестілеу өткізеді, өтінім берушіге қандай дағдыларды дамыту қажеттігін айтып, жеке даму картасын әзірлеп береді», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі департамент директоры Айдана Тоғызбаева.

Ал базада лайықты жұмыс табылмаса, жұмыс іздеушіге жаңа кәсіпті игеру жөнінде ұсыныс жасалады. Осылайша олар қысқа мерзімді оқу курстарына жазыла алады («Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы шеңберінде), курстар кәсіпорындар базасында орналастырылған. Бұл оқыту шаларалы екі айдан алты айға дейін жалғасады, тыңдаушыларға шәкіртақы және ары қарай жұмысқа орналастыру мүмкіндігі қарастырылған.

Сондай-ақ, орталық көмегіне жүгінген адамдар «Бастау» жобасына қатыса алады. Жас ерекшеліктеріне қарамастан өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыздар бір айы ішінде бизнес жүргізудің негізгі дағдыларын үйренеді, кәсіп ашып, немесе қолдағы бизнесті кеңейтуге микронесие алуға мүмкіндік алады.

Бұл бір жағынан еңбек нарығында бос жұмыс орындарына сұраныс пен ұсыныс арасында теңгерімсіздікті болдырмаудың төте жолы. Яғни, жұмысшылардың біліктілік деңгейі мен жұмыс берушілердің жоғары кәсіби мамандарға деген сұранысы мәселені ушықтырып тұр. Сондықтан мамандарды қайта даярлаудан өткізу мен оқытудың тиімділігі жоғары.

«Атамекен» қолдау орталығы»  жобасының ерекшелігі көпшілік шоғырланған жерде – сауда орталықтары, базар және вокзалдар маңында орналасуында. Бұл халыққа ыңғайлы әрі қолжетімді болуға деген ұмтылыс. Әрбір келушіні жұмыспен қамту, напақасын айырып, жұмыс табуына көмектесу – біздің миссиямыз», - деді А.Тоғызбаева.

Қазіргі таңда орталық онлайн жұмысқа көшкен. Яғни, аталған қала тұрғындары мобильді орталық қызметін онлайн түрде де ала алады. Ол үшін инстаграм парақшалар мен көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарлама қалдыруға болады.

@rabota.atameken – Нұр-Сұлтан (+7 747 051 3885)

@rabota.atameken.shymkent – Шымкент (+7 747 144 0000)

@rabota.almaty.atameken – Алматы (+7 747 905 5105)


Еншілес ұйымдар

Серіктестер