Сыртқы экономикалық қызмет
«Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы» ЖШС (ССП) 2014 жылғы 29 шілдеде құрылған және Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 100% еншілес компаниясы болып табылады. ССП миссиясы сыртқы сауда қызметінде қазақстандық кәсіпорындарға жәрдем көрсету арқылы Қазақстанның дамуына үлес қосу болып табылады. ССП қызметіне 4 негізгі бағыт кіреді: сыртқы экономикалық қатынас дамуына жәрдемдесу, ақпараттық жұмыс, құқықтық қолдау және іскерлік білім беруді дамыту.
ССП сыртқы экономикалық қатынастарды дамыту аясында сауда-экономикалық миссиялар, шетелдік және отандық іскер топтардың іскерлік кездесулерін, жәрмеңке-көрме қызметін ұйымдастырады, Қазақстан аумағындағы жобаларға қатысуға, бірлескен өндірістер құруға тарту мақсатында әлеуетті инвесторлар – шетелдік компанияларға жәрдемдеседі. ССП екі жақты Іскерлік кеңестер қызметінің үйлестірушісі болып табылады. Ақпараттық жұмыс ішкі ресурстар мен жөнге салынған серіктестіктер желісіне де, Қазақстан Республикасының барлық өңірлерін қамтитын Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірыңғай ақпараттық жүйесіне де сүйенеді.
Кәсіпкерлікті құқықтық қолдау қазақстандық және халықаралық заңнамалар мәселелері бойынша консультациялардан, сыртқы экономикалық құжаттарды куәландыру және т.б. тұрады. ҚР заңнамасына сәйкес, Сыртқы сауда палатасы еңсерілмейтін күш жағдайларын куәландыруға уәкілетті республикадағы жалғыз ұйым болып табылады. Іскерлік білім беруді дамыту аясында кәсіпкерлік қызмет үшін кадрлар даярлау мақсатында семинарлар, модульдік оқыту курстары, тренингтер мен басқа да іс-шаралар өткізіледі.
Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы өз қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясын, оған сәйкес заңдарды, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды, Конституциялық Кеңес пен Республиканың Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларын, «Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы» ЖШС Жарғысын басшылыққа алады.
Қазақстанның Сыртқы сауда Палатасы қазақстандық және шетелдік кәсіпорындар үшін мына қызмет түрлерін көрсетеді:
- Іскерлік және сауда миссияларын, «В2В» форматындағы кездесулер ұйымдастыру.
- Көрмелер мен жәрмеңкелер.
- Ақпаратқа қолжетімділік және іскер серіктестер іздеу.
- Қазақстандық және шетелдік компаниялар бойынша бизнес-анықтамалар.
- Салалық деректер базалары.
- Аналитика.
- Қазақстандық компаниялардың шетелдік нарықтарға шығуына жәрдем.
- Инвесторлар іздеу және тарту.
- ҚР-да инвесторларды сүйемелдеу.
- ҚР-да шетелдік компаниялар өкілдіктері мен филиалдарын ашуға жәрдемдесу.
- Тақырыптық семинарлар, тренингтер мен модульдік курстар ұйымдастыру.
- Құқықтық сараптама.
- Стратегиялық консалтинг.
- Салықтық және бухгалтерлік консалтинг.
- Келісім-шарттық, кедендік және сақтандыру сараптамасы.
- Сыртқы экономикалық құжаттарды куәландыру.
Функциялары
- Экспортқа, қазақстандық бизнестің интернационалдандырылуына жәрдем
- Маркетинг және көрме-жәрмеңке қызметі
- Инвестициялар тарту және шетелдік компанияларға жәрдем
- Екі жақты Іскерлік Кеңестерді басқару және үйлестіру
- Консалтинг және ақпараттық-консультациялық функциялар
- Сараптама және сертификаттау
- Форс-мажорды куәландыру
- Аударма қызметі
- Кадрлар даярлау, білім беру бағдарламалары.
Форс-мажор
«Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелеріне сәйкес 2014 жылғы шілде айынан бастап Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасының таралуына орай оның сыртқы экономикалық қызмет, еңсерілмейтін күш жағдайларын (форс-мажор) куәландыру салаларындағы функциялары Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының арнайы құрылған еншілес ұйымы – Қазақстанның Сыртқы сауда палатасына берілді.
Еңсерілмейтін күш мән-жайлары форс-мажор және «Hardship» жағдайлар болып бөлінеді:
1. форс-мажорға жататындар – міндеттемелерді тиісті түрде орындауға кедергі келтіретін немесе іс жүзінде орындауды мүмкін емес ететін төтенше және болмай қоймайтын жағдайлар, оның туындауына міндетті тарап жауап бермейді, және де оның орын алуын болжай алмайды және/немесе тоқтата алмайды, оған:
- табиғи және техногендік сипаттағы стихиялық апаттар, дауылдар, циклондар, зілзала, цунами, тасқын, найзағай түсуінің нәтижесінде бұзылулар және т.б.;
- әскери қимылдар, жарияланған немесе жарияланбаған соғыс, тәртіпсіздіктер мен төңкерістер, қарақшылық әрекеттер, саботаж;
- мемлекеттік органдар шешімдері және/немесе әрекеттері/әрекетсіздігі және т.с.с.;
- кәсіпорын жұмысын баяулататын, жұмыстағы кідіріске әкелетін бойкоттар, кез-келген түрдегі ереуілдер мен локауттар;
- жарылыстар, өрттер, машиналар, зауыттар, қондырғылар және т.б. бұзылуын қосқанда, бірақ мұнымен шектелмейді.
2. «Hardship» жағдайларға тараптар еркінен тәуелсіз жағдайларды айтарлықтай өзгерту келісім-шарт (шарт, келісім) бойынша орындауды шамадан тыс ауыртпалыққа ұшырататын жағдайлар жатады.
Нарықта атқаруға қажет тауарлардың, жұмыстардың немесе қызметтердің болмауы форс-мажор және «Hardship» жағдайларға жатпайды.