astana-view

Рейтингтер

Зерттеудің мақсаты Қазақстанның өңірлерінде бизнесті жүргізу шарттарын талдау, салыстыру және кәсіпкерлік ортаны дамытудың ішкі және сыртқы факторларын ескере отырып, «Іскерлік климат» тәуелсіз рейтингін қалыптастыру болып табылады.  

Зерттеудің міндеттері:

  1. Өңірлік ауқымда кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің ашықтығын және жұмыстың тиімділігін зерттеу аясында кәсіпкерлікті дамыту деңгейі бойынша интегралдық индексті есептеу;
  2. «Өңірлік ауқымда кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің ашықтығын және жұмыстың тиімділігін талдау» зерттеуі аясында бағалау әдіснамасын жетілдіру;
  3. Бизнес-ортаны бағалау әдіснамасының сараптамасы;
  4. Қазақстан Республикасының өңірлерін бизнесті жүргізу шарттары бойынша ранжирлеу;
  5. Өткен жылмен салыстыру арқылы өңірдегі бизнестің даму динамикасын талдау;
  6. Қазақстандағы кәсіпкерлік белсенділіктің ахуалы туралы ұлттық баяндаманы даярлау;
  7. 14 облыс және 2 республикалық мәндегі қала ауқымында бизнесті жүргізудің өңірлік профильдерін құрастыру;
  8. Бизнес климатты жақсарту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу.

«Іскерлік климат – 2015» әлеуметтік зерттеуі

Бизнес жүргізуді жақсарту жөніндегі реформалар

Мемлекет басшысы тәуелсіздік алған сәттен бері Қазақстан Республикасындағы бизнестің жай-күйіне үлкен назар аударып келеді, және де қазіргі кезеңде әлемнің бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына кіру стратегиялық міндеті алға қойылып отыр.

Дүниежүзілік Банк қалыптастыратын «Doing Business» рейтингі немесе бизнесті жүргізу жеңілдігін айқындау рейтингі елдегі бизнес-климатты жақсарту үшін қабылданатын реформаларға объективті сырттай баға болып табылады.

Рейтинг 10 индикатор негізінде құрылады:

  1. Кәсіпорынды тіркеу
  2. Құрылысқа рұқсат алу
  3. Жеке меншікті тіркеу
  4. Кредит алу
  5. Инвесторларды қорғау
  6. Салық салу
  7. Халықаралық сауда
  8. Келісім-шарттарды орындау
  9. Төлем қабілетсіздігін шешу
  10. Электрмен жабдықтау жүйесіне қосу

Осылайша, «Doing Business» рейтингі кәсіпорынды ашудан бастап оны таратуға дейінгі кәсіпкерліктің күллі тіршілік айналымын талдау мүмкіндігін береді.

Сонымен қатар, «Doing Business» Дүниежүзілік Банк сарапшыларының сауалнамасына қатысатын кәсіпкерлердің пікірлерін елдер үкіметтері жүргізетін реформалармен салыстыру негізінде белгілі бір ел экономикасындағы бәсекелестік басымдылықтар мен инвестициялық тартымдылық дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді.

«Doing Business» бағалауына қатысатын елдер саны үнемі өсіп тұрады.

«Doing Business» рейтингінің барлық деректері жыл сайын жаңартылып отырады да, баяндамада және russian.doingbusiness.org сайтында жарияланады. Бұл деректер сәйкес жариялану жылының 1 маусымындағы жағдайына қарайғы ахуалды көрсетеді және жаңа ақпарат түскен кезде қайта қаралуы мүмкін. Қайта қарау сонымен қатар деректердің келістілігін қамтамасыз ету үшін бұрындары жарияланған баяндамаларға да қатысты болуы мүмкін.

Үкімет пен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы былтыр және үстіміздегі жылы бірлесе отырып бизнес жүргізуді жеңілдету бойынша біраз жұмыс тындырды және заңнамалық актілерге сәйкес түзетулер енгізді. Аталмыш түзетулермен төменде ұсынылған презентацияларда егжей-тегжейлі танысуға болады.

Жедел байланыс үшін әрекет ететін телефон: 8 (7172) 91-93-58, 91-93-18. 

Дүниежүізілік Банк «Doing Business» Рейтингі

Миноритарлық инвесторларды қорғау

Келісім-шарттарды орындау

Халықаралық сауда

Салық салу

Кәсіпорын ашу

Электрмен жабдықтау жүйесіне қосу

Кредит алу

Құрылысқа рұқсат алу

Төлем қабілетсіздігін шешу

Жеке меншікті тіркеу

Еншілес ұйымдар

Серіктестер