astana-view

Иранмен Іскерлік кеңес құрылады

2014 жылғы 10 Қыркүйек
3359 просмотров

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Иран сауда, өнеркәсіп, шахталар және ауыл шаруашылық палатасы ынтымақтастық туралы келісімге келді.

Бұл келісімге Ирам Ислам Республикасының Президенті Х.Руханидің Қазақстан Республикасына жасаған ресми сапарының аясында Астанада қол қойылды.

Қазақстан-Иран бизнес-форумында тараптар білескен Іскерлік Кеңес құру және сәйкес келісімге қол қою мәселелерін талқылады. Іскерлік кеңеске қазақстандық тараптан «Қазақстанның сыртқы сауда палатасы» ЖШС, ал ирандық тараптан Иран сауда, өнеркәсіп, шахталар және ауыл шаруашылық палатасы өкілдік ететін болады.

100-ден астам қазақстандық және ирандық компания қатысқан бизнес-форум аясында 500 миллион долллардан астам сомаға экономиканың түрлі салаларында бірқатар екі жақты келісімдерге қол қойылды.

Былтырғы жылы елдер арасындағы өзара тауар айналымының көлемі 620 миллион долларды құрағанын атап өтуге болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер