astana-view

Жер қойнаулары туралы кодекс Қазақстанға жаңа инвестициялар тартады

2014 жылғы 15 Қазан
3414 просмотров

15 қазанда Астанада «Жер қойнаулары және жер қойнауларын пайдалану туралы» ҚР Кодексін дайындау: басты аспектілері және негізгі қосымшалары» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараны ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «KAZENERGY» қазақстандық мұнай-газ және энергетикалық кешен ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ-мен бірлесіп ұйымдастырды. Конференция жұмысына Инвестициялар және даму министрінің орынбасары Альберт Рау, ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Мейрамкүл Дүзбаева, жер қойнауларын пайдаланушы компаниялардың өкілдері мен саладағы айтулы мамандар қатысты.

ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Мейрамкүл Дүзбаеваның сөзіне сүйенсек, Ұлттық палатаның атына өңірлердегі жер қойнауларын пайдаланушылардан көптеген жүгінімдер келіп жатады, және де негізінде олар құқық қолдану тәжірибесіне қатысты болып келеді: «Дүниежүзілік банк сарапшылары жүргізген ҚР жер қойнауларын пайдалану саласындағы заманауи заңнамасына шолу көрсеткендей, инвестициялық тартымдылық тұрғысынан Қазақстандағы нормативтік құқықтық база шашыраңқы, екі ұшты жерлері көп, өзгеріске жиі ұшырайды және инвесторлардың түсінуі үшін күрделі. Осының барлығы бұл саладағы біршама табысты басқа елдермен салыстырғанда инвестиция үшін күресте саланың бәсекеге қабілеттілігін бәсеңсітеді».

Кодекс «жалпы» және «ерекше» бөлімдерден тұрады деп болжануда. Біріншісі жер қойнауларын барлық пайдалы қазбалармен қоса пайдалану бойынша барлық операцияларға қатысты жалпы мәселелерді реттеуді, сондай-ақ негізге алынатын қағидаларды қамтиды. Соңғысының негізінде мемлекет пен жер қойнауларын пайдаланушылар арасындағы қатынастар, жер қойнауларын пайдалану саласындағы мемлекеттік органдардың өкілеттіктері құрылады. Екіншісі – барлық пайдалы қазбалар қимасындағы арнайы реттеуді есепке алады.

Кодекс аясында геологиялық барлауға құқық алу процедуралары мен мерзімдері 2 жылдан 1 айға қысқартылатын болады. Геологиялық ақпаратты алуды тегін қылу ұсынылуда. Отандық кодекс әзірлеушілер негізінде заңнамасына сүйеніп отырған Австралияда пайдалы қазбалар кен орындарын тапқан инвесторлар ынталандырылып отырады екен.

ҚР ҰКП Тау-кен және металлургия өнеркәсібі комитеті хатшылығының басшысы Евгений Больгерттің пікірінше, әрекеттегі заңнамадағы жер қойнаулары қорын бағалау және есептеу стандарттары жаңартуды талап етеді.  

«Жобаға қаржылай қаражат тарту үшін, инвесторларға қорлардың құны мен кен орнының әлеуетін көрсету қажет. Қазіргі кезде отандық жер қойнауларын пайдаланушылар қорлардың есебі мен бағасын жүргізіп жүрген мәліметтер форматы капитал нарығында жалпы қабылданғандардан мүлдем өзгеше. Отандық стандарттар халықаралық, кен өндіруші елдердің көпшілігінде қабылданғандармен сәйкестікке келтірілгенде, қазақстандық минералдық-шикізаттық сектордың тартымдылығы айтарлықтай көтеріледі».

Жаңа Кодекстегі басты қосымшалардың бірі – бұл «бірінші келген – бірінші алады» қағидасы. Бұл мемлекет геологиялық барлауға беруге дайын нақты аумақтарды анықтайтын, және де геологиялық барлау құқығын орнатылған мерзім ішінде өтінімді бірінші берген алатын жүйе. Егер орнатылған мерзімде бірнеше өтінім келіп түскен жағдайда, жеңімпаз аукцион нәтижесінде анықталады.

Дайындаушылардың пікірінше, Кодекске экология, жер пайдалану, салық салу, әкімшілік жауапкершіліктер және басқалары саласындағы жер қойнауларын пайдаланудың жекелеген мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерден тұруға тиіс.

Кен орнының белгілі бір телімінде барлау және өндіру кезінде «ұстап тұру» механизмін қарастыру ұсынылады, бұл жер қойнауларын пайдаланушының жұмысты жүргізу мүмкін болмаған жағдайда (құзырлы органға негіздемелі дәлелдер ұсынған жағдайда) оны тоқтата тұруға, кейін өз қызметін жалғастыруға мүмкіндік береді.   

Жалпы Жер қойнауларын пайдалану туралы кодексті дайындау инвестициялар тарту үшін жағымды жағдайлар жасау мақсатында жүргізіліп жатыр. Бұл позицияны энергетикалық, мұнай және тау-кен құқығы саласындағы жетекші сарапшы, «ENERGY Resources & Environmental Law limited» компаниясының директоры Питер Кэмерон да қуаттауда. «Жергілікті мазмұн және біршама жоғары табыс бөлігін қамтамасыз ете отырып, сонымен бірге жаңа коммерциялық ашулар үшін де, халықаралық қоғамдастық қызығушылығын белсендіріп, жандандыру қажет. Бұл сонымен қатар табиғатты қорғау іс-шаралары мен өндірістік операциялар саласында ең үздік тәжірибелерді қолдану дегенді білдіреді», - деп ойын білдірді Питер Кэмерон.

Конференция аясында тақырыптық «дөңгелек үстел» өткізіліп, оның барысында сарапшылар Кодекс мәселелерін біршама егжей-тегжейлі талқыға салды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер