astana-view

Фармацевтикалық компаниялардан Ұлттық кәсіпкерлер палатасының атына алғыс хаттар әлі де келіп жатыр

2014 жылғы 20 Қараша
3513 просмотров

«Элеас» ПФК» ЖШС ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына отандық фармацевтикалық өндірушіні қолдағаны және серіктестігі үшін алғысын білдірді.

«Элеас» ПФК» ЖШС елдегі фармацестикалық индустрияның болашақта дамуына сенім беретін ұзақ мерзімді шарт жасасу мәселесінде отандық фармацевтикалық өндірушіге көрсеткен қолдау мен ынтымақтастық үшін Сізге алғыс айтқысы келеді», – деп жазған алғыс хатында  компанияның уәкілетті тұлғасы Э.Н. Конькова. Ол ҰКП Фармацевтикалық, медициналық өнеркәсіп және медициналық қызмет комитеті Хатшылығының хатшысы Жанна Оспанованың, Хатшылық сарапшысы Жұпар Байпақбаеваның, ҰКП Мемлекеттік сатып алулар және жергілікті мазмұн департаментінің сарапшысы Аманай Махметовтың және басқаларының еңбегін ерекше атап өтеді.

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тұлғасындағы бизнес-қоғамдастықтың отандық фармкомпаниялар мен «СҚ-Фармация» ЖШС Дәрі-дәрмектерді сатып алу жөніндегі жалғыз дистрибьютор арасында ұзақ мерзімді шарттардың жасалуын қорғап қалғанын еске сала кетейік. Келісім-шарттар жасауды қайта қарау туралы ҰКП ұсыныстарын Үкімет қолдаған болатын. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер