astana-view

Заңды білу – бәсекелестік нышаны

2015 жылғы 09 Шілде
9542 просмотров

Биылғы жылдың маусым айында өңірлік әділет департаменттері күллі Қазақстан бойынша (сонымен бірге аудандық) кәсіпкерлермен 38 кездесу өткізген

Кездесулердегі негізгі тақырып жылжымайтын мүлік және заңды тұлғаларды, зияткерлік меншікті тіркеу, әділет органдарының шешімдеріне таласу, халыққа және бизнес өкілдеріне мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар қабылдау, халыққа құқықтық көмек көрсету мәселелерін, халықтың азаматтық және құқықтық саналылығын көтеру, әділет органдарының өзара байланысын нығайту және сенім ауанын қалыптастыру мәселелері болды.

2015 жылғы қаңтар айынан бастап әділет департаменттері, сонымен бірге аудандық департаменттер БАҚ-қа жеке меншік бизнестің мемлекеттік органдардың заңды әрекеттері мен шешімдеріне таласу мәселелері бойынша материалдар жариялауда. Ақтөбе және Қарағанды облыстарында аумақтық әділет органдарының өкілдері радиода сөз сөйледі. Маңғыстау облысында «Электронды форматта жылжымайтын мүлік құқығын мемлекеттік тіркеуді жүргізу жолдары» ақпараттық брошюралары шығарылды.

2015 жылға арналған Дүниежүзілік экономикалық форум Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі көрсеткіштерін жақсарту жөніндегі шаралар жоспарында «Әкімшілік реттеуге таласудағы заңнама тиімділігі» индикаторы бойынша БАҚ-қа жариялану ғана емес, әділет органдары шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) таласу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен кездесулер де көзделген.

Бүгінгі күні әділет органдары желісі бойынша жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметті негізінде аумақтық әділет органдары көрсетеді.

Облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалар, елорда әділет департаменттері ұсынған ақпаратқа сәйкес, жеке және заңды тұлғалар әділет органдарына олардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша да, өзге де мәселелермен де жүгінеді. Мысалы, Бөрлі ауданы мен Орал қаласы әділет органдары өткізген «Әділет органы консультация береді» және «Ашық есік күні» акцияларының аясында түйткілді кредиттер бойынша, баспана алу процедурасы бойынша, жұмыстан заңсыз шығарылу және басқа да әділет органының құзыреттілігіне кірмейтін мәселелер көтерілген. Сонымен бірге аталмыш сауалдарға жауап қайтарылды және сонымен бірге шешім табу үшін қайда жүгіну қажеттігі түсіндірілді.

Жеке және заңды тұлғалармен кездесулер аясында тікелей әділет органдарына қатысты мәселелер де көтеріледі.

Мәселен, Қостанай облысы Әділет департаменті жеке және заңды тұлғалармен кездесулерде жылжымайтын мүлік ауыртпалығын алып тастау және тіркеу мәселелері бойынша, тіркеуден бас тартылған, салықтық қарызы бар заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру бойынша, тауар белгісіне құқыққа таласу бойынша түсіндірулер берілді.

Қызылорда облысы Әділет департаменті өткізген дөңгелек үстелде авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау мәселелері түсіндірілді.

Қарағанды облысы Әділет департаменті өткізілген семинарда жылжымайтын мүлікті электронды түрде тіркеу мәселелері бойынша түсіндірулер берілді.

Жамбыл облысы Әділет департаментінде өткізілген семинарда әділет органдары шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым беру мәселелері түсіндірілді.

Астана және Ақмола облысы Әділет департаменті заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы жаңалықтарды ашып көрсетті.

Алматы қаласы Әділет департаменті «Қолданыстағы заңнамаға әділет органдары қызметі мәселелері бойынша енгізілген түбегейлі өзгерістер» тақырыбында брифинг өткізді.

Жалпы, аумақтық әділет органдары өткізетін жеке және заңды тұлғалармен кездесулер және әділет органдары қызметтері мәселелері бойынша жарияланымдар азаматтар мен жеке бизнес субъектілерінің құқықтық хабардарлығын көтеруге, әділет органдары қызметіне қатысты туындаған мәселелерге жауап беруге мүмкіндік береді.

ҚР Әділет министрлігі биылғы жылдың 18 маусымында ұлттық заңнамаға нотариус-медиатор енгізу мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел Парламент депутаты Светлана Романовская, Жоғарғы Сот судьясы Ұлболсын Сүлейменова, нотариалдық және адвокаттық қоғамдастық өкілдері, сондай-ақ кәсіпқой медиаторлар қатысуымен өтті. Кездесу мақсаты – «Нотариат туралы» қолданыстағы заңнамаға АІК жобасында көзделген Нотариалдық қызметке медиация енгізу жағынан өзгерту енгізуді талқылау.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қосымша халықаралық тәжірибені, соның ішінде Германия тәжірибесін пысықтау және зерттеу ұсынылды.

Әділет органдары қызметінің бір бағыты контрафактілі өнімді анықтауға және таратудың жолын кесуге (сонымен бірге келу арналарын жоюға) бағытталған іс-шаралар болып табылады.

Зияткерлік меншік нысандарының кедендік тізіліміне 2015 жылғы 19 маусымға дейінгі ахуалы бойынша 1466 тауар атауы жөнінен 315 тауар белгісі (88 құқық иесі) енгізілген.

Мемлекеттік табыс аумақтық органдары зияткерлік меншік нысандары кедендік тізілімі негізінде 2015 жылғы 5 ай ішінде жалпы құны 3,3 млн доллардан астам сомаға зияткерлік меншік құқығын бұзу белгілері бар тауарларға 156 декларация бойынша тауарлар шығарылуын тоқтатқан.

Әділет органдары есептік кезеңде (2015 жылғы 25 маусымға дейінгі ахуалы бойынша) 58 тексеріс жүргізіп, 48 құқық бұзуды анықтаған. Тексерістер барысында 3437206 теңге сомасына 1164 дана контрафактілі өнім алынған. Әкімшілік құқық  бұзу жайлы кодекстің 158 бабы бойынша әкімшілік құқық бұзу туралы 48 іс қозғалған (бөгде тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, тауардың шыққан жерінің атауын немесе фирмалық атауын заңсыз қолдану).

Соттар 40 әкімшілік істі қарап, 40 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 208100 теңге сомасына айыппұл салынған.

Сонымен қатар, әділет органдары 576 семинар, 398 дөңгелек үстел өткізген, 343 мақала жарияланып, теледидар, радиоға 172 рет сөз сөйлеу ұйымдастырылған, 1712 дәріс оқылып, 179 контрафактілі өнімдерді жою көпшілік акциясы мен басқа да іс-шаралар өткізілген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер