Абылай Мырзахметов: «ДСҰ – бұл нарықтағы іс-қимыл стандарттары»
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасы Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жайлы түсінік берді
ҰКП Басқарма Төрағасының пікірінше, Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі – бұл ел басшылығының, ең алдымен, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ашық та жаһандық экономикалық интеграцияға жүйелі бағдар алуының көрінісі.
«ДСҰ-ға кіруге сөзсіз оң баға береміз. Қазақстан интеграцияға ашық… Бұл іс-қимылдың белгілі-бір стандарттары: яғни алдымызға стандарт қойып, сол жолмен жүруіміз керек. Бұл инвестициялық климат, яғни инвестордың алған бағдары. Басқаша өспейміз. Даулар, тарифтік және кедендік саясат халықаралық стандарттарға сәйкес болатынын бәрі де түсінеді. Яғни біз алдыңғы қатарлы елдер клубына енеміз. Бұл мағынада ДСҰ – сөзсіз жағымды тұс», - деді Абылай Мырзахметов.
Бұл қазақстандық тауар өндірушілерге өз өнімін өткізу нарықтарын кеңейтуге мүмкіндік береді, ал оның орнына жаңа технологиялар ала аламыз. Алайда ДСҰ-ға кіру бірқатар сынақтарды да ала келеді.
«Біз «жергілікті мазмұн» сияқты ұғымнан бас тартуға тиіс боламыз. Яғни отандық өндірушілер мүдделерін ашық түрде алға тарта алмаймыз, қолдау шараларын енгізе алмаймыз», - деп назар аударды ҰКП басшысы.
Палата Басқарма Төрағасы қалыптасқан жағдайда ЕАЭО-ға интеграция ДСҰ интеграциясына қарағанда әлдеқайда көп сынағын ала келетінін атап өтті. Бірақ сынақтар бизнесіміздің шынығуына, оның жаңа қасиеттер, құзыреттіліктер, білім-білік игеруіне көмектесуге тиіс.
«Біздегі тауар, экономика мен экспортшылардың 90%-ы онсыз да осы ережелер бойынша жұмыс жасайды», - деді Абылай Мырзахметов. – «Мұнда даулы мәселе бар. Оған негіз де жоқ емес. Қашанғы жақсы жағдайда жүре бермекшіміз. Аз уақыт өткен жоқ. Шығып, өздеріңді сынап көріңдер. Себебі онсыз ешқашан да бәсекеге қабілетті бола алмайсыңдар».
Тәжірибелі бизнесмен ретінде Абылай Мырзахметов қазақстандық кәсіпкерлерге мақсат қоюға назар аударуды ұсынып отыр.
«Ресейлік өндірушілермен емес, «Вимм-Билль-Данн»-мен бәсекелесу қажет!.. Сапа жөнінен бәсекелесу қажет… Сонда ғана теңесе аламыз. Керісінше жағдайда елеусіз бір жерде ілбіп жүре береміз», - деген сенімде Палата басшысы.
Оның айтуынша, ДСҰ-ға кіру жөніндегі келіссөздер жүргізген Қазақстанның өкілдеріне жалғыз наразылық шарттарды талқылаудың жабық сипат алуы болып отыр. Алайда бүгінде нормалар мен шарттардың барлығы дерлік жарияланды, сонымен қатар www.palata.kz сайтында да.
Пікір қалдыру:
Пікірлер:
Мукашев Дамир Серикович