astana-view

Теңге былтырғы нүктесіне жетті

2015 жылғы 18 Қараша
9105 просмотров

Ұлттық банк басшысы ұлттық валютаға деген сенімнің қалайша қалпына келтірілетінін айтып берді

Теңге ресейлік рубльге қатысты алғанда тепе-теңдік шамасына келіп табан тіреді. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен кеңейтілген отырыс барысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев хабарлады. Ол «валюталар бағамдарының теңдігіне шынайы бағам көрсеткішін есептеу арқылы, яғни инфляцияны ескере отырып қол жеткізілгенін» атады.

«Яғни біз мұнай бағасы құлдырап, ресейлік рубль девальвацияға ұшырағанға дейінгі 2014 жылдың басында тұрған нүктеге келіп жеттік. Жақын арада бағамдардың айтарлықтай өзгеру ықтималдығы болмашы ғана», - деді Данияр Ақышев. Ол сонымен бірге «көптеген жағымсыз сценраийлердің жүзеге асып қойғанын» баса көрсетті. Сөз «мұнай бағасының екі еседен көп мөлшерге төмендегені, рубльдің де құлдырауы жайлы» болып отыр. Алайда Ұлттық банк басшылығы жағдайдың қалыпты болатынын болжайды. «Жақын арада сыртқы жағдаяттың айтарлықтай нашарлау ықтималдығы төмен», - деп атады Ұлттық банк төрағасы.

Данияр Ақышев қаржы реттеушісінің бұдан арғы іс-қимылына түсінік бере отырып, «негізгі әрекеттің бағам қалыптасу процесіне тікелей араласуымызды қысқартуға бағытталғанын» атады.

«Іргелі трендке араласпаймыз, яғни мұнай бағасы бір баррель үшін 40 доллардан төмен түсіп кететін болса, бағамды түзетуіміз әбден мүмкін, себебі ресейлік рубль де мұнай бағасына таңылған және ол да девальвацияға ұшырайтын болады. Бірақ айырбас бағамының босаңсу жағына да, нығаю жағына да тұрақсыздандыратын әрі кенет орын алатын өзгерісіне жол бермейміз», - деп сендірді Данияр Ақышев.

Ұлттық банк төрағасы сонымен қатар валюта алыпсатарларының бағам тербелісінен пайда табуға талпыныстарының соңы немен тынатынын түсіндіріп өтті. «Ағымдағы жағдайда айырбастау операцияларынан алыпсатарлық пайда табу қазір күмән тудырады, ұтылып қалуға да болады. Теңге құралдарының тартымдылығы, табыстылық тұрғысынан ақшаны шетелдік валютамен ұстағанға қарағанда, біршама жоғары», - деп атады ол.

Осыдан соң Данияр Ақышев Мемлекет басшысының тапсырмасымен теңгеге деген сенімді қайта қалпына келтіру үшін қолданылатын шаралар жайлы ақпарат берді. «Алдымен қолға алатын дүние Ұлттық банкке деген сенімді қалпына келтіру деп есептеймін», - деп баса көрсетті Данияр Ақышев.

Осыған орай Ұлттық банк басшылығы ақпараттық саясатты өзгертуге, қазақстандықтарға шетелдік валюталарға қатысты алғандағы теңге бағамының қалыптасуына қысым көрсетіп отырған себептерді белсендірек әрі ашығырақ түсіндіруге уәде берді. «Мен және менің орынбасарларым үнемі БАҚ-қа шығып отыратын боламыз», - деп сендірді Данияр Ақышев.

Жанар Сердалина 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер